Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды
2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында бизнес нысандарының іргелес аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және сыртқы келбетін жақсарту мәселелері көтерілді. Қала басшылығы тарапынан нысандарды тиісті жағдайда ұстауға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар берілді.

Азамат Серікболұлы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бизнесті белсенділік танытуға шақырып, “Сыртқы келбет – бизнестің имиджы, қаланың көркеюіне үлкен септігін тигізеді. Өз ауламыздан бастайық!” – деп атап өтті.

Кездесу соңында кәсіпкерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдап, бір ай ішінде өз нысандарының аумағын тәртіпке келтіретіндерін жеткізді.

