Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Silkway Accelerator VII: 15 елдің үздік стартаптары Алматыда акселерациядан өтеді

Алматы қаласы әкімдігі, Astana Hub және Google for Startups-тың бірлескен бастамасы болып табылатын Silkway Accelerator халықаралық акселерациялық бағдарламасының жетінші легіне 15 стартап қатысушы атанды. Бағдарлама Almaty Hub — Astana Hub-тың Алматы қаласындағы филиалы базасында жүзеге асырылуда.

Көпсатылы іріктеу қорытындысы бойынша сараптамалық комиссия 15 елден келіп түскен 373 өтінімді қарастырып, ең мықты өнімдер мен халықаралық деңгейде ауқымдану әлеуеті жоғары командаларды таңдады.

Жаңа лекке Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан және Өзбекстаннан технологиялық стартаптар кірді. Барлық қатысушылар PMF және Scale кезеңдерінде орналасқан және өнімді дамыту мен өсім бойынша алғашқы нәтижелерін көрсетіп келеді.

«Бүгін алты елдің стартаптарын біріктірген халықаралық акселератордың жаңа легі басталады. Silkway Accelerator осы жылдар ішінде мықты халықаралық track-record қалыптастырды: 1800-ден астам өтінім, 73 түлек, олар бүгінде БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа да нарықтарға масштабталып жатыр. Бағдарлама түлектері 48 миллион доллардан астам инвестиция тартып, компаниялардың жиынтық бағалауы 500 миллион доллардан асты. Бұл аймақтың технологиялық командаларының әлеуеті жоғары екенін және олардың жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді», – деп атап өтті Almaty Hub директоры Аида Дусова.

Халықаралық қатысушылар қатарында Моңғолиядан комикстерді жасау, жариялау және монетизациялауға арналған IP-студия, comics-платформа және AI-құралдар жиынтығын дамытатын Honmono Comics, Әзербайжаннан media- және press-tech процестерін автоматтандыруға арналған AI-шешім InnMedia, Грузиядан сақтандыру claims және операциялық процестерді автоматтандыруға арналған AI-платформа Briano, әуесқой спорт пен спорт алаңдарын брондауға арналған sports-tech экожүйесі Gamo, Тәжікстаннан корпоративтік оқытуға арналған LMS және edtech-платформасы Smarthub, ағылшын тілін үйренуге арналған AI-first платформасы OmuzBOX, қызметкерлердің корпоративтік тамақтануын ұйымдастыру және басқаруға арналған цифрлық B2B-платформа Yalla Lunch, сондай-ақ Өзбекстаннан өндірушілер, ритейл және дистрибуцияға арналған digital infrastructure шешімі Aura OS бар. 

Жетінші лекке Қазақстан атынан жеті стартап қатысуда: «Психолог в Люди» - қолжетімді терапияға арналған халықаралық IT-сервис; QazTracker - ақылды датчиктер, AI-камералар және аналитика көмегімен мал шаруашылығын цифрлық мониторингтеуге арналған AI-платформа; WelcomeVideo.ai - қонақүй индустриясына арналған AI-платформа; Aman - зорлық-зомбылықты AI арқылы анықтау, ата-аналарға арналған қосымша және ІІМ-нің тікелей әрекет ету жүйесін біріктіретін мектеп қауіпсіздігі экожүйесі; YouTrade - трейдерлерге funded accounts ұсынатын proprietary trading платформасы; Sezim - пайдаланушылар мен бизнеске арналған психологиялық қолдау платформасы; RoadOne.ai - автопарктерді басқаруға, жанармай процестерін автоматтандыруға және логистиканы оңтайландыруға арналған AI және IoT экожүйесі.

Бағдарламаның Opening Day іс-шарасы халықаралық трекерлердің, венчурлық инвесторлардың және IT-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шара барысында бағдарлама қатысушылары өз өнімдерін таныстырып, акселерация кезеңіндегі мақсаттарын белгілеп, жаһандық нарықтарға шығу жоспарларымен бөлісті. 

Келесі үш ай бойы командалар Almaty Hub базасында офлайн-акселерациядан өтеді. Бағдарламаға интенсивті трекинг, халықаралық сарапшылардың менторлық қолдауы, өнімдік және бизнес-метрикаларды дамытуға көмек, халықаралық нетворкинг, сондай-ақ инфрақұрылым, офис кеңістігі және coliving қолжетімділігі кіреді. Сонымен қатар қатысушылар Astana Hub Ventures қорынан инвестиция тартуға мүмкіндік алады.

Silkway Accelerator бағдарламасының финалдық кезеңі Demo Day болады. Онда стартаптар акселерация нәтижелерін инвесторларға, корпорацияларға және халықаралық технологиялық экожүйе өкілдеріне таныстырады.

Almaty Hub - Astana Hub-тың Алматы қаласындағы филиалы. Алаң IT-қоғамдастықты дамытуға, стартаптарды қолдауға және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етіп, Astana Hub экожүйесінің бағдарламаларына, білімдері мен ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

0
0
1681

Осы тақырып бойынша

Silkway Accelerator VII: 15 елдің үздік стартаптары Алматыда акселерациядан өтеді - Yvision.kz