Сот жүйесінде қолданылатын озық технологиялар
Ұлт көсбасшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының «100 нақты қадам ұлт жоспары» және «болашаққа бағдар рухани жаңғыру» жүйесіне көңіл бөлетін болсақ, яғни жоғары айтылған жобалардың басты мақсаты еліміздің барлық салаларын дамыту арқылы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу, әрине бұл салалардың ішіне сот жүйесі кіретіні айтпаса да белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғалы барлық салалары қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді. Сот жүйесінің алдыға даму жолы, бағыты, мақсаты «100 қадам Ұлт Жоспары реформасының «заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бөлімінде нақты баяндалып көрсетілген.
Заманның талабына сай еліміздің мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, озық технологиялар жаппай енгізілуде. Еліміз электрондық үкімет, яғни мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрінен Азия бойынша 2017 жылы алтыншы орынға көтеріліпті.
Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан отыз екінші орынға көтерілген, аталған рейтинг Үкіметтің тиімділігі, Технологиялық инфрақұрылым, Сандық бәсекеге қабілеттілік сияқты жүйелерді зерттей отырып жасалады.
Қазіргі таңда сот жүйесі жылдан жылға даму үстінде, жылдын жылға жаңа технологиялар енгізіліп, бюрократиядан, қағаз бастылықтан құтылудың амалын табу жолында үлкен көлемде жұмыстар атқарылуда.
Мысалы: 1. Барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған болатын, яғни барлық сот процесстері бейне бақылауға жазылып отырады, Бұл жобаның негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады.
2. «Сот кабинеті» жүйесі бұл жобаның қолайлығы, тиімділігі үйіңізден шықпай ақ талап арыз, апелляциялық шағымдарды, түрлі арыздарды беруге мүмкіндік аласыз, уақытыңызды үнемдеуге арналған таптырмас жүйе.
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтынан «Сот актілерінің банкы » жүйесі арқылы 2010-2017 жылдары соттар шығарған заңды күшіне енген сот актілерін ала аласыз.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты жобасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы туралы елбасымыздың жолдауынан елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол «IT» саласына басымдық беріледі.
Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.
Жоғарыда айтылғандай еліміздегі салалардың барлығы цифрландыруға көшетінін аңғаруға болады, бұл дегеніміз адамдардың уақытын үнемдеу, қағазбастылықтан және жемқорлықтан құтылудың ең тиімді жолдары деп білемін, себебі көптеген Еуропа елдері жоғары технологияларды қолдану арқылы жемқорлықты өз елдерінен, қоғамынан мүлдем жойып тастаған болатын, сол себепті Еуропа елдерінің әлеуметтік жағдайы өте жоғары деп есептеледі.
Еліміз енді енді жоғары технологияларды енгізуде, егерде «100 нақты қадам ұлт жоспары» және «болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты жобалар жүз пайыз жүзеге асып жатса, еліміз әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылатынына кәміл сенемін.
Алмат қаласы Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева
}qRZA|9
