Степногорда жүздеген литр май мен бірнеше автокөлік өртенді (видео)
Ақмола облысының Степногор қаласындағы Заводская кентінде автокөлік және автокөлік заттарының қоймасы өртенді.

Болжам бойынша, қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.
https://t.me/qr_tjm
