Студенттер күніне орай мерекелік концерттік кеш өткізілді
Шараны “Семей қаласы әкімдігі Семей қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ “Семей қаласының жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырды. Мерекелік концертке қала әкімінің орынбасары Арайбек Аманкелдіұлы Хамзаев халықаралық студенттер құттықтап, футбол мен волейболдан өткізген турнирдың жеңімпаздарын марапаттады.

Ойын нәжижесінде футболдан:
1-орын - Алихан Бөкейханов университі @bokeikhan_university
2-орын - М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі @spk_students
3-орын - Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі.

Волейболдан:
1-орын - Семей медицина университеті
2-орын - Шәкәрім университеті
3-орын - М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі иеленді.
Сонымен қатар мерекелік концерттік кешімізде футбол мен волейболдан өткізілген турнирға қатысқаны үшін барлық оқу орындарға алғыс хат табысталды.
Мерекелік концерттік кеште «Үздік тренер» номинациясымен Ә.Бөкейханов университетінің мен Семей медицина университетінің тренері марапатталды.

Мерекелік концерт кешіміне Қазақстан Студенттерінің Альянсы (АСК), Jastar Ruhy Qazaqstan Medisina Jastary, Қалалық волонтерлік фронт офисі, Мансап орталығы, Отбасы банк өкілдері өз бағыттары бойынша жастарға консультациялық қызметтер атқарып, қала әкімінің орынбасары Арайбек Аманкелді ұлына таныстырылды.

Мерекелік концерттік кешімізде өнер көрсеткені үшін М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне, Дүйсенбі Қалматаев жоғарғы медицина колледжіне және Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің студенттеріне шын жүректен алғыс айтамыз!
Футбол ойынын өткізуге атсалысқаны үшін Шәкәрім Университетіне алғысымызды білдіреміз!
