Мазмұнға өту

Су тасқыны кезіндегі жұмыстар бойынша қай әкімдер қызметінен кетуі мүмкін?

Фото: gov.kz


Бүгін Үкімет кулуарында журналистер Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан су тасқынынан зардап шеккен аймақтар басшыларының жұмысына баға беруді сұрады. Әсіресе, "өңірлерде енді ауыс-түйіс бола ма?" деген сұрақ қойылды.

Оған Бозымбаевтың жауабы мынадай болды:

"Әкімдер ауыса ма, жоқ па, ол менің құзырымдағы шаруа емес. Ал атқарған жұмысына келсек, бұл әркімде әртүрлі. Бірақ жалпы үйлестіру ісі орталықтан, Үкімет пен Президент әкімшілігінен жүргізіліп жатыр. Дәл қазір әкімдердің бүкіл жұмысы тұрғын үй мәселесін шешуге жұмылдырылған".

0
0
185

Осы тақырып бойынша