Жаңа әдебиет журналының қазіргі кейпі қандай?
Жұлдыз журналын оқи отырып, осыдан бір жыл бұрын “жас толқын” айдарына журналист Дана Асылжанованың
«Үш тұғырлы тіл аясында ағылшын тілін оқытудың жүйесі» атты мақаласы жарияланғанын байқадым. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” - деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, қазіргі 21 ғасырда кем дегенде екі немесе үш тілде еркін сөйлеуің керек. Біздің де мемлекет «Үш тұғырлы тіл» жобасын қолға алып, бұл қоғамның ең өзекті тақырыбының біріне айналды. Мақалада үш тұғырлы тіл бағдарламасына халық қарсы екені және бұл жобаға тағы да салиқалы пікірлер қажеттігін айтып, журналист өз жұмысымен қоғамның үнін жеткізе білді.
Енді, мен де осы жөнінде өз ойымды білдірсем. Әрине, тіл үйреніп, жақсы жұмыс істеп, шет елге шыққанда еркін сөйлеу - керемет. Осыған талпыну керек. Бірақ, ең алдымен өзге тілді емес, өзіңнің ана тіліңді сүйе білу керек. Ал, билік өкілдерінің балабақша мен бастауыш сыныптарына үш тілді бірдей меңгеруді міндеттегені көңіліме күмән ұялатады. Билік үшін ағылшын тілі - әлемдік экономикаға интеграциялану. Оларға көрсеткіш маңызды. Ал, мен осы тұста халықтың пікірі орынды деп ойлаймын. Себебі, балабақшада бала әлі өзін де дұрыс танымайтын кезде қосымша үш тілді үйрену деген мүмкін емес әрі ата-анаға да қиын соғады. Медальдің екі жағы болады демекші, әрине, үш тілді де балабақшада үйреніп бастайтын алғыр балалар да бар. Бірақ, бұл сирек кездеседі. Және ол бала балабақшадан кейін орыс мектебіне барамын демесіне кім кепіл? Бірте-бірте осы деммен өз тіліміздің дәрежесін түсіріп алу қаупі де бар. Алдымен, бала есі кіргенше өзінің тілін, ұлтын, салт-дәстүрін жетік меңгеруі қажет деп ойлаймын. Ары қарай, өз қалауы бойынша өзге тілді де үйренеді. Үйренбей қалмасы анық. Бұл сөзіме арқау ретінде, ұлт ардақтысы А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінің 1914 жылғы №61 санында жарияланған мақаласын мысал келтірейін. Ол жерде «…әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу.Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек.Бастауыш мектепте үйренетін нәрселер кілең қазақ тілінде болғаны дұрыс» - деген екен...
Жалпы, қазіргі Жұлдыз журналының мазмұндық ерекшелігі - проза, поэзия, түрлі әңгімелер мен хикаялар өте көп жарияланатынын байқадым. Ақылыңа ақыл, ойыңа ой қосатын салиқалы шығармалар бар екен. Мысалы, “кебенек киген келеді”, Сағатбек Медеубекұлының “ақын тілін ардақтаған сөздік”, “М.Мағауин:қаламгер кітапханасы және жазу столы”, т.б.
Ал, бұрынғы “Жаңа әдебиет” журналымен салыстырсам, Жаңа әдебиет журналының сандары тек қана әдеби шығармаларға арналса, қазіргі Жұлдызда әдебиетпен қатар жоғарыда мен талдаған мақалаға ұқсас саяси-әлеуметтік тақырыптар да көтеріледі.

