Мазмұнға өту
Обложка сообщества Жамбыл облысы

Жамбыл облысында оқушыны әжетханада ұрып өлтірген

Оқиға Байзақ ауданында болған.

undefined

Сегізінші сынып оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылар айтып отыр. "Дыхалкадан" дөп тиген удар бір баланың өмірін қиды. "Сегіздерді" "тоғыздар" тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. "Греб" (түрмеге деп тиын сауу) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас.

Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне "ақ үйдің" айналасында камерасы жоқ.

Білім басқармасының басшысы сұхбат бермеймін деді. "Оқиға орнында орынбасарым жүр" деп соған сілтеді. Ол жақта жүрген Мұхит есімді орынбасары теңіздей тасыды. "Берсе басшының өзі берсін!" деп өкпесін қолына ұстап қашты, телефонның ар жағынан. Сосын екеуі де трубка көтермеді. Ал мектеп директоры мен бір топ адам мектептің есігіне қара құлып салып, ішінде отыр. Орынбасар Мұхитты да қастарына алып алған. Сыртта директордың қаңтарылған көлігі тұр.

Басшысы жоқ байзақтық білім бөлімінде міндет атқаратын кісі бар екен. Оның да ағарту ошағына аяғы жетпеді. Жиналыста жүрмін деп, жоқ болды. ПД ақпараты әзірге хат әкелер көгершінін күтіп отырған сияқты.

Байзақта болғанда қай жақта дерсіз? Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған. Даладағы дәретханада. Ағартушының атындағы мектепте.


Данияр Әлімқұлдың жазбасы

0
0
406

Осы тақырып бойынша