Мазмұнға өту
Обложка сообщества Жетісу облысы

Жетісу облысының тұрғыны 285 млн теңгеден астам ақшаға жалған шот-фактуралар жасаған

Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған.
undefined
Фото: kaztag.kz

Оның бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі.

ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, тергеу барысында аталған азаматтың басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, соның салдарынан аса ірі көлемде залал келтіргені анықталған.
Сол келтірілген 285 млн теңгеден астам шығын толығымен өтелді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

0
0
453

Осы тақырып бойынша

Жетісу облысының тұрғыны 285 млн теңгеден астам ақшаға... - Yvision.kz