Құрық порты арқылы жылына 2 млн тоннадай жүк шетел асады
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында орын тепкен Құрық теңіз айлағы ағымдағы жыл басынан бері 1 млн 335 мың тонна жүк өткізді. Өткен 10 айда Каспий теңізімен шектесетін төрт мемлекеттен 500-ге жуық кеме қазақ портына зәкір тастаған. Енді Құрық порты арқылы жылына 2 млн тоннадай жүк шетел асады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.Маңғыстау облысында бой көтерген құрғақ жүк түсіру-өткізу айлағы былтырғы жылдан бастап теңіз арқылы паром жөнелтуге көшкен еді. Қазақ елі тарихында алғаш рет вагонға тиелген отандық тауар су жолымен Бакуге жол тарты.Құрық порты – Ақтау және Баутино порттарынан бөлек, еліміз егемендік алғалы тұңғыш рет жаңадан салынған теңіз айлағы. Индустрияландыру картасына енген жиырма сегіз жобаның бірі. Кешен тәулігіне бес паром қабылдап, бір жылда 4…