Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін біріктіруге арналған лекторий
2018 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00 де Қызылорда қаласы Студенттер сарайында (Жақаев көшесі, 75) ҚХА-ның XXVI сессиясында қолға алынған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайту бойынша республикалық лекторий өз жұмысын бастайды.
Пленарлық отырыс жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, сондай-ақ, еліміздегі жетекші институттардың ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері және т.б. қатысады.
Сондай-ақ, 12 қыркүйекте Қызылорда қаласының жоғары оқу орындары мен Шиелі ауданында, 13 қыркүйекте Сырдария, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласында «Қазақтану» жобасына арналған дәрістер оқылады.
Лекторий шеңберінде 2 күн бойы кәсіби емес медиаторларға арналған тренингтер, «Менің жетістігімнің тарихы – ел жетістігінің тарихы» тақырыбында шығармашылық кеш, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңестері басшыларына арналған жиналыс, сондай-ақ, Қызылорда облыстық ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтеді.
***
«Қазақстану» жобасы қазақ халқының этностары, гуманистік дәстүрлер мен рухани байлығы негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті біріктіру мақсатына бағытталған.
Жобаның міндеттері:
- түрлі этностықтоптардың өкілдеріне қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, тұрмыс салты таныстыру:
- ұрпақарасындағы байланыстардың, бірліктің негізгі принциптері мен келісімнің, этникалық толеранттылықтың негізінде бірігуі мен дамуы;
жалпықазақстандық құндылық пен қазақстандық патриотизмді біріктіру мен қалыптастыру болып табылады.
