Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Жетімдер, Туғаннан аты, «Тастанған» (Жетімдер үйі)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Қиямет, қайдан табылған? Жетім боп, сәби аталған. Сәбидің бары, бір арман, Табылса ана, қасынан. «Анашым, болайын, саған сеп, Алладан, сұрарым, бар тілек. Анамды, кешіре гөр, сен жебеп, Анасыз, бұл өмір, не керек?» Тоқ болса да тамағы, біледі, Аңсаған, оның, жүрегі. Болса да, жоқтық, көнеді, Тек ана, оның тілегі. Арманы еді, сәбидің, Ата – анам, келсе екен деп. Құшағын, көрсе ананың, Өмірі, сонда кетпес тек. «Айтарым, келсе анама, Керегім, аңсауым, сен ғана. Сағындым, жанымды аяла, Мен үшін, бақытсың, сен ғана» Жаутаңдап, қайта қарайды, Мағанда, мүмкін, келер деп. Үмітпен күнін, санайды, Кім оған, болар, енді сеп? Болушы еді, жан арман, Сәбилі болу, әрбір жан. Тағдыры, солай жазылған, Туғаннан аты, «Тастанған» Қиямет болды-ау, бұл жалған, Cәбидің көзі, жас…

0
1
1507

Аппақ шапан киді байтақ кең далам

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқы

 

Аппақ шапан киді, байтақ кең далам,

Көзім тоймас, қарай берем, мен саған.

Бір өзіңе, бар сырымды, айта алам,

Ең қымбатты, бойтұмарым сен маған.

 

Мүмкін көңіл, бұл ақ қыста ағарар,

Жапалақтап, жауып жатыр, аппақ қар.

Өткен күндер, тағы ойға, оралар,

Сонда көңіл, қыран қыстан, не тосар?

 

Сенімен, мен егіздей, болайын,

Ақтығыңа, лайық болып, қалайын.

Ақ қарыңнан, жұмбақ сезім, табайын,

Бұл әнімді, саған арнап, жазайын.

0
1
529

Сезім сыры «Аласұрды, менің көңілім, борандай»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Аласұрды, менің көңілім, борандай,

Бұл сезімге, қырау түсті, ойланбай.

Шақырсам да, кете бердің, тоқтамай,

Бәрі есімде, оралмайтын, күндер ай.

 

Бар сенімім, енді сенде, ақ қысым,

Мазамды алды ау, кеудемдегі, намысым.

Бұл ақ қармен, келер ме екен бақ құсым?

Жанар ме екен, аспандағы жұлдызым?

 

Жүрегімнің, дүрсіліне бағындым,

Бір көрейінші, ең болмаса, сағындым.

Ақшақарға, үміт құрып, талпындым,

Тыным таппас, енді менің бұл жаным.

0
1
583

Теңізде, ескексіз қайықтай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Теңізде, ескексіз қайықтай,

Желкенде түсті, тұра алмай.

Әкетті толқын, тоқтатпай,

Әлекке түсті, күй мен жай.

 

Сағыныш, сағым, жылдарым,

Қайтейін, таусылды шыдамым.

Сонда да, сен едің, мұңарым,

Толқынмен, адасқан, арманым.

 

Іздеумен, болдым ау, мен әлек,

Жылайды, неліктен, бұл жүрек?

Кездесіп қалдық па, ертерек?

Сен жоқта, бұл жалған не керек?

0
1
344

Жарығы өшті, бір жанның

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Алланың, берген қасиеті, Сәбидің үні, Анаға. Мас қылып, заман әкетті, Ой тұрмас, қилы санаға. Алыстап кетті, кім кімге? Кешегі болған, махаббат. Тұрақсыз, болған сезімге, Кінәлі мүмкін, табиғат? Болды ма, түндер сол бақта? Қонды ма бақыт, көңілге? Кішкентай, бір жан, құрсақта, Қуанып жатты, өмірге. Жүрегі, болашақ сәбидің, Анамен, болды егіздей. Қуаныш, жылауын, көңілдің, Сезінді сәби өзіндей. «Өмірге, ертең келемін, Анамды, жақсы көремін. Ең сұлу, Анам, білемін, Сен үшін, өмір сүремін» Бірақта, Ана ойланып, Тұжырымға, келді біржола. «Тастаймын, сені, мен алып, Керексіз болдың, сен бала» Сезінді, сәби, қайтейін, Шыңғырып, жатты, құрсақта. «Анажан, жарық көрейін, Өтінем, өмірді, тек сақта» Бәрі де бітті, сорлының, Жалынып кетті ау, мәңгілік. Жарығы өшті, бі…

0
1
411

Жауапсыз сезім

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Болар ма заңы, өмірдің?

Көрсем де сені, сағындым.

Баса алмай, зарын, көңілдің,

Өзімді, ұстауға, бағындым.

 

Не істерсің, қатал тағдырға,

Қалдың ау жаным, сағымда.

Үміттің гүлі, солғанмен,

Шайқасты арман, жалғанмен.

 

Кетермін, менде, ағынмен,

Өртеген, қиял, сағыммен.

Жазылған, өмірдің, заңымен,

Болармын, біреудің, жары мен.

 

Бермеді ау, тағдыр, тілекті,

Неліктен, бұл көңіл, дір етті?

Қиярмын, басқаға, жүректі,

Жазбастай, қалдырдың ,сен дертті.

0
1
771

Ауылым «Сағындырған, ауылым»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сағындырған, ауылым,

Көп күндер болды, келмедім.

Өзіңде еді, бар жаным,

Шыдадым, қалайша, білмедім?

 

Дүниенің, жарығын, көрсеткен,

Өзіңдей, ауылдан, айналдым.

Алысқа, самғап, жеткізген,

Жол салып, мен саған бармадым.

 

Жүрсемде, бүгін алыста,

Ата – анам менің, ел, жерім.

Болармын, мәңгі қарызда,

Жиналды ау, сағым, кештерім.

 

Жетермін, жүректі, қолға алып,

Берерім ауылға, ақ тілек.

Қорқамын, қалам ба, кеш қалып,

Ауылым, саған, жетем деп.

0
1
1195

Аққайың «Неге, сенде жалғызсың?»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Неге, сенде жалғызсың?

Қалың орман, ішінде.

Болса да, қасыңда ағашың,

Бір қиял бар ғой, өзіңде.

 

Аққайың, саған қараймын,

Сағыныш болды, сарғайдың.

Қасыңда болуға, мен дайын,

Сұлусың, ішінде, тоғайдың.

 

Сырымды, саған ашамын,

Бар, қайғы мұңымды, айтамын.

Бақытты, қайдан табамын?

Қайтадан, жауапсыз қаламын.

 

Болайын сенің, қасыңда,

Мейрімдік, тазалық, осында.

Екеуіміз, бұл қалың, орманда,

Егіз боп, қалайық арманда.

0
1
1212

Жүректесің

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Қалай болды, екеуміз?

Үй боламыз, деп едік?

Қайда кетті, сертіміз,

Айтушы едің, мен сендік?

 

Қимаймын жаным, басқаға,

Не дерсің, мынау тағдырға.

Жетпедім, қиял арманға,

Өртеді ау, өкініш, сол ғана.

 

Қонақ болдым, тойында,

Бар ниетім, тек қана.

Бақыт болсын, жолыңда,

Өмір деген, толқында.

 

Соңғы рет, саған қарадым,

Барма еді, басқа амалым.

Оңаша қалып, жыладым,

Қайтейін, хош бол, сен жаным.

0
1
603

Күрең күз

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағыда, күрең күз келді,

Нөсерлеп, жаңбыр суымен.

Суыққа орап, бар жерді,

Неге әлек, жүрек күтумен?

 

Айлар өтті, сан жылдар,

Күтумен сені, сарғайдым.

Сонда да үміт, қол бұлғар,

Самғатып, арманға, әрдайым.

 

Күз келді тағы, сол жылдай,

Құстарға қарап, тұрмын мен.

Сәлемім жетсе, шіркін ай,

Оралшы маған, жаным сен.

0
1
696