Аппақ шапан киді байтақ кең далам
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқы
Аппақ шапан киді, байтақ кең далам,
Көзім тоймас, қарай берем, мен саған.
Бір өзіңе, бар сырымды, айта алам,
Ең қымбатты, бойтұмарым сен маған.
Мүмкін көңіл, бұл ақ қыста ағарар,
Жапалақтап, жауып жатыр, аппақ қар.
Өткен күндер, тағы ойға, оралар,
Сонда көңіл, қыран қыстан, не тосар?
Сенімен, мен егіздей, болайын,
Ақтығыңа, лайық болып, қалайын.
Ақ қарыңнан, жұмбақ сезім, табайын,
Бұл әнімді, саған арнап, жазайын.
