Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ҚР ҰКҚ: Қазақстанда жыл басынан бері 9 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді

Қазақстанда жыл басынан бері 9 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді, деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары » тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы барысында. «Соңғы жылдары сан алуан террористік акциялардың алдын алу шаралары атқарылып, жүздеген адамның xалықаралық лаңкестік ұйымдарына қосылуына жол берілмеді. Алайда, елде кей жағдайлар орын алды. Алматы мен Ақтөбеде болған оқиғалар әлі де жадымызда сақталған. Соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді», - деді Н.Белісбеков. Оның айтуынша, адамдардың бұқаралық жина…

0
0
630

Б.Бекназаров: Терроризммен күрес – Қазақстандағы аса маңызды мәселе

Қазақстанда терроризммен күрес аса маңызды мәселеге айналды, деді Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты дөңгелек үстел барысында. «Біздің бүгінгі кездесуіміз жаһандық заманның ең маңызды мәселелерінің бірі экстремизм және терроризммен күресу мәселесін қаузап отыр. Өкінішке қарай, бүгінде экстремизм мен терроризмнің ауқымы мен географиясы кеңейіп келеді. Қазақстанда терроризммен күресу аса маңызды мәселелердің бірі», - деді Б.Бекназаров. Ол айтып өткендей, халықаралық терроризм мен экстремизмнің қауіпі өскен сайын заңнаманың сапасына талап күшейе түседі. «Халықаралық дәрежеде Қазақстан БҰҰ терроризмге қарсы күрестің 14 әмбебап тұжырымдамасына қосылы…

0
0
1159

Н.Нығматулин: Экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болады

Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты тақырыптағы дөңгелек үстел барысында экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болатындығын айтты. Мәжіліс Спикері терроризмге қарсы күресте бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын айтып өтті. «Әлемде және елдегі оқиғалар көрсеткендей, терроризм ұлтқа, дінге, шекараға байланысты емес, сондай-ақ, ол барлық өркениетке ортақ қауіп туғыза алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең мәртебелі мінберлерден сөз сөйлегенде халықаралық терроризм қауіпінің артуы мен онымен күрес кезінде нақты шаралар қабылдау керектігі туралы ескерткен болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамбле…

0
0
416

Кадет корпусының 300-ге жуық тәрбиеленушісі ант қабылдады

Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында 2016 жылы қабылданған бірінші курстың кадеттерін әскери антқа келтіру жөнінде салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініңң баспасөз қызметі. Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті. Салтанатты жағдайда 282 кадет әскери ант қабылдады. «Ақмола облысы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерлері, Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов секілді батырларын мақтан тұтады. Олар өздерінің ұстанымдарына берік жалынды патриоттар, өз өмі…

0
0
484

А.Мұхамедиұлы: Қазақстан паралимпиадалық спортты дамытады

Қазақстан Үкіметі паралимпиадалық спортты дамытатын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайында Ұлттық паралимпиада делегациясымен кездесу барысында айтты. «Уақыт көрсеткендей, қызығушылық артуда. Әрине, біз одан әрі паралимпиадалық спортты дамытуымыз керек. Өкінішке қарай, біз бұл спорт түріне аз көңіл бөліп келдік. Біз елде паралимпиадалық спорт түрі белсенді дамуы үшін стратегиялық жоспарды қабылдадық. Қазіргі таңда Қазақстанның паралимпиадалық комитетінің басшылығы Астанада ірі орталық ашуды көздеп отыр. Біз оны барынша дамытуға тырысамыз», - деді министр. Айта кетейік, Рио-де-Жанейро қаласында жазғы паралимпиадалық ойындар аяқталды. Қазақстанның мүмкiндiгi шектеулi спортшылары паралимпиадалық медальдар жеңiп алды. Раушан Қойшыбаева пауэ…

0
0
362

Ақмола облысында 119 шақырым жол жөнделді

Қазіргі уақытта облыста 119 шақырымға созылған республикалық маңызы бар автожолдардың сегіз бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ. Осы жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдардың тағы 16 шақырымын жөндеп, қолданысқа беру жоспарланып отыр. «Астана айналмасы» бойындағы екі бөлімде тас-мастикалық асфальтбетонды (ТМА) қоспасымен беткі қабатты жабу арқылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «ТМА – бұл асфальттың ерекше түрі, ол бір мезгілде қозғалыс тұрақтылығын, су өткізбегіштікті және орнатылған қабаттың кедір күйін қамтамасыз ете алады. Қоспа, ірі қиыршық арасындағы барлық қуыстарына қиыршық құм битум қоспасы толтырылған қиыршық тас қаңқасынан тұрады, ондағы қиыршық тас шамамен 80%-ды құрайды. Айта кету керек, бұл әдіс Ақмола облысындағы ре…

0
0
408

Е.Максютова: Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді

Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді , деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта. Елена Максюта сот процестері қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисі қолданушылары арасында ағымдағы жылы жүргізілген онлайн-сауалнама қорытындысын таныстырды. Сауалнама «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот органдары жұмысының негізгі индикаторларын айқындауға арналған 8 сұрақтан құралды. Осы ретте әрбір көрсеткіш өңірлер тұрғысында талданды. Онлайн-сауалнамаға қатысу үшін процеске қатысушыларға электронды цифрлық қолтаңбаның арқылы «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу қажет болатын. Онлайн-сауалнама басталған сәтте сервисте 57 751 тұтынушы тіркелген болса, оның аяқталған кезінде тұтынушылардың саны…

0
0
271

5 жыл ішінде террористік белсенді аймаққа 559 қазақстандықтың шығуына тосқауыл қойылды

Соңғы 5 жылда ҰКҚ органдарымен террористік белсенділік аймағына 559 рекрут-қазақстандықтың шығуына жол берілмеді , деп ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков мәлім етті. «Сирия-Иран аймағындағы қарулы қақтығыс Таяу Шығыстағы лаңкестік күштерді жандандырды. Террористік содырлардың қатарында елдің 80-нен астам жаңа рекруттары қосылуда. Біздің азаматтарымыздың қарулы қақтығыстарға қатысуы оларға қауіп төндіреді. Бұл мәселе халықаралық және ұлттық деңгейде шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Соңғы бес жылда ҰКҚ органдарымен террористік белсенділік аймағына 559 рекрут-қазақстандықтардың шығуына жол берілмеді», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесу…

0
0
397

Павлодар облысында тірек ауылдарды дамыту үшін 210 млн теңге бөлінеді

Павлодар облысында тірек ауылдарға келетін болсақ, оларды дамыту үшін жылдың соңына дейін 210 миллион теңге бөлінеді. Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік меншіктен түскен кірістер және басқа да салықтық емес түсімдердің есебінен облыстық қазына 148 млн. теңгеге толықты. Сонымен қатар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жобға бағытталған резервті 65,8 миллион теңгеге азайту арқылы осы сомадағы қаражат облыс бюджетке түсетін болады. Облыстық мәслихаттың жанындағы бюджеттік комиссия үнемделген қаражаттың барлығын әлеуметтік мәселелерді шешуге және тірек ауылдарды дамыту үшін бағыттауды ұсынды. Мәселен, 50 млн. теңге облыс мектептерінің 7 сыныптарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге бағытталса, 4,…

0
0
453

Баланың тууы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың тууын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді. «Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсе…

0
0
293