Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Қыздың қылықты жүрісі қай жүріс?

Аяғын алшаң басып, биік өкшемен әрбір қадамын әзер басқан бойжеткен омақаса құлады. Кенеттен аяқ киімі сыр бергеннен емес, керги басқан қадамы өзгергеннен тайып кетті. Санасында «ешкім маған күлмесе екен» деген ой қылаң беріп, жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мұндай кейіптің түндігі бізге де таныс, дегенмен ойланып қарасақ жүрген жүрісімізге мән беруден қалып барады екенбіз. Тінтуірмен интернет беттерін тінтіп жіберсеңіз, батыс көзғарасындағы жүріс түрлерінің тұтас қаусырып алғанына қанық бола түсесіз. Там-тұмдап қалған тар түсінікпен әдемі жүріске үйрететін арнайы сабақтар жетерлік. Мына сұмдық терапияға назар аударыңыз: «Құрбыларыңызбен бірге жүргенде, жол-жөнекей ер кісіні кезіктіре қалдыңыз делік. Құрбыңыздың жүрісін өзгерткенін байқадыңыз ба? Психологтардың айтуынша, ер адамның көз тас…

6
2
3430

Париж бен Алматы арасында сұлулық таратқан Somerset Karine

«Көркіне ақылы сай» деп жиі айтып жатамыз, ал Somerset Karine атты дизайнерді (шын аты Карина Ысқақова) көргенде «көркіне ақылы әрі дарыны сай» деп айтқың келеді. Өйткені 24 жасында Карина өзінің алғашқы топтамасын Париждегі Луврда, кейін Алматыда сәтті көрсетіп шықты. Сондай-ақ мұндай жетістікке жеткенге дейін Париждің Дизайн және Өнер жоғарғы мектебін үздік бітіріп, магистрлік дәрежесін алып та үлгерді. Айтары мен тәжірибесі мол дарынды Каринаны әңгімеге тартып, біраз қызықты әрі пайдалы ақпаратқа қанықтық. Сонымен алдарыңызда Somerset Karine. — Сәлем, Карин! Қай жерде туылдың? Қазір қайда жұмыс істейсің? — Семей жақта туылғанмын. Бірақ онда тұрмадым, бірден Алматыға көшіп кеткенбіз. Бұл жерде ағылшын тіліне тереңдетілген лингвистикалық Алматы қаласының Халықаралық мектебінде оқыдым. Ке…

9
4
2460

Қазақ сериалдарының несіне қызығамыз?

Соңғы бес жылдың ішінде отандық қазақтілді сериалдар теленарықта өтімді тауар қатарына қосылып бара жатқандай. Көруге тұрарлық та, сапасы нашарлары да бар. Алайда, сұраныс арқасында пайда болып жатқан шытырман телехикаялар кәріс пен түрік сериалдарына бәсекелес бола ала ма? «Айналайын» Шыққан жылы: 2011 Жанры: комедия, отбасылық кино Продюсер: Ақан Сатаев Сценарист: Берік Сабыржанов Режиссерлері: Болат Қалымбетов, Серікбол Өтепбергенов, Қанағат Мұстафин, Қымбат Тілеуова Рөлдерде: Ғазиза Әбдінәбиева, Қадырбек Демесин, Ержан Жарылқасынұлы, Бекжан Тұрыс, Гүлжамал Қазақбаева, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Бауыржан Каптагаев, Роза Рымбаева, Жанат (Жан) Байжанбаев, Жанна (Жаннат) Қуанышева, Майя Веронская, Камилла Ермекова Ұлттық арна эфиріндегі «Айналайын» сериалын отбасылық киноға ж…

Аққағаз Досжанова — қазақтың тұңғыш дәрігер қызы

Тұрар Ырысқұлұлы РСФСР құрамындағы түркі тілдес халықтардың ұлттық республикалары мен облыстарының құрылуына белсене ат салысқан қайраткер. Бұл тарихи маңызы бар істің басы қасында жүрді. Жаңадан құрылған ұлт республикаларының аумағын, шекарасын анықтау, астаналарын белгілеу, ол республикаларды басқаратын жергілікті ұлт кадрларын іріктеу мәселесіне де араласып отырғаны шындық. Осы ретте Тұрарға тікелей қатысы бар Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Мұрағатынан табылған тың дерек туралы айта кеткенді жөн деп таптым. 1922 жылы 14-желтоқсанда қабылданған қаулыда қазақ қыздарының арасында тұңғыш дәрігер дипломын алған Аққағаз Досжанова туралы айтылады. Негізінен Аққағаз Досжанова Алашорда партиясының белсенді мүшесі болғандығын дәлелдейтін құжаттарды кейбір ғалымдарымыздың еңбектерінен кезд…

5
1
5224

Аяулым Шалқар: «Өзімді ешқашан өзгелермен салыстырған емеспін»

Аяулым Шалқар — заманауи өнер адамының нағыз үлгісі. 17 жасында әңгімелер жазып, иллюстрация, логотиптер салады, модельдік жұмысына үлгеріп, сый тәттілерін әшекейлейтін «Кампитка» атты жеке жобасын жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, ол өз алдына мақсат қоя білетін, өзіне қарата білетін қызығарлық тұлға. Бүгінгі материалда Аяулымды әңгімеге тартып, оны жақынырақ білуге тырыстық. — Сәлем Аяулым! Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең? — Мен 1996 жылы 29-қаңтарда Алматыда дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы 159-мектепті осы жылы бітірдім. 16 жасымда EAT Models модельдік агенттігіне қабылдандым. Олар мені Вконтакте желісіндегі суреттерім арқылы тауып алыпты. Look.tm сән порталына жасаған фотосессияма қызыққан болуы керек. — Ата-анаң да өнерге жақын ба? Мүмкін шығармашылыққа деген құштарлық солардан да…

11
9
5417

Миға қуат беретін 19 тағам

Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді. Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды. Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам күтеді екен? Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар. Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай. Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін т…

Newsweek's Top 100 Books: әлемнің басты кітаптары

Newsweek журналының рейтингі бойынша, Дарвиннің әдебиетке қосқан үлесі Библия мен Маркс, Фрейд, Толкиен және Шекспирдің шығармаларына қарағанда салмақтырақ. Ең үздік әдеби шығармалардың аса беделді ондықты сараптап, Newsweek журналы сексен алты автордың жүз төрт шығармасынан тұратын әлемнің басты кітаптар метатізімін дайындап шықты. Рейтингтің алдыңғы шебінде Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі». Бұл роман Джордж Оруэллдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильям Фолкнердің «Шу мен қаһар» сияқты шығармаларын озып шыққан. Тізімді құрастыру кезінде Опра Уинфри, Википедия, The Guardian мен The Telegraph газеттері және арнайы классикалық Modern Library баспасының рейтингтері ескерілген. Метатізімге Данте (10-шы орын), Маркес (17-ші), Дарвин (27-ші), Маркс (…

10
8
2507

«Тұран» тобының лекция-концертінен

Әр сәрсенбі сайын Алматының Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайында ерекше шара өтеді. Оған жас баладан кәрі шалға дейін, ауылдағы қазақтан қаладағы шетелдік қонақтарға дейін жұрт жиналып жатады. Бәрі де күнделікті теледидардан көре алмайтын, радиодан беріле бермейтін этникалық-фольклорлық дара топ - "Тұранды" тыңдауға келеді. Осы сәрсенбіде тұран рухын сезіну үшін біз де концертке барып келдік. Мұражайға кіре салысымен бізді мынадай голограммалар күтіп тұрды. Мұражайдың жөндеу жұмыстарынан өткендігі бірден білініп тұр. Мұражай қызметкерлері мұражайдың жаңа келбетімен таныстыруды жөн көрді. Расында да келісті жөндеу жұмыстары мен инновациялар бұрыннан келушілерін қызықтырып әкететін мұражайға жаңа леп, еуропалық стиль қосыпты. Ал арнайы ойын бөлмесінде интерактивті экранда өзіңді дири…

7
9
2053

Инстаграмдағы қазақстандық модельдер

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық модельдер инстаграмын шолып өтейік. Илья Аникеев @mad_ilyuhan ANDRES агенттігінің моделі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде "Менеджмент" мамандығын меңгеруде. Инстаграмында модельдік өмірдің көріністерін, Kazakhstan Fashion Week-тегі өзі қатысқан Камила Курбанидің көрсетілімі, Boulevard журналы үшін фотосессиясын, әр түрлі сауық кештері мен дос-жарандарын көруге болады. Ақбота Нұрмұхан @botashka_nur 2010 жылдан бастап ANDRES агенттігінің моделі, Pronovias, E…

8
3
3056

«Абай» журналының шығу тарихы

«Абай» журналын қазақ журналистикасында өз ізін қалдырған басылымдардың бірі деп атауға болады. Оған қарамастан, басылымның шығу тарихы, негізгі бағыты мен концепциясы жайлы іргелі ғылыми зерттеулер сирек кездеседі. «Абай» туралы біраз деректерді қазақ баспасөзін зерттеушілердің ғылыми мақалаларынан табуға болады. Алайда, «Қазақ», «Айқап», «Түркістан уәләяты газеті» сияқты іргелі басылымдарға терең зерттеу жасалып, кітап ретінде басылып шығарса, «Абай» журналына әлі күнге дейін детальді зерттеу жасалмаған. Шығу тарихы Қоғамдық-саяси және әдеби «Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялы қауымы арасында 1914 жылы қабыл алынған болатын. Сол жылы ақын қазасының он жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал жариялау туралы шешім бекітілген. Бірақ, бірі…

8
0
5755