Туризм толғандырады!
Қазіргі күні ішкі туризм туралы айтатын болсақ сыртқы туризм туралы бір-екі ауыз сөз айтуға да тура келеді. Өздеріңіз білетіндей көк қағаздың қымбаттауынан сыртқа шығатын туристер саны күрт азайып, шетелге барушылар бірден 60-80 пайызға дейін төмендеп кетті. Бұрындары шамамен 10 млн.жуық Қазақстан азаматы шетелдерде демалатын (бірақ бұл жерде статистикалық деректердің әртүрлі екенін ескерген жөн, мысалы, еңбек мигранттары да бұл санға қосылып тұр). Әрине бұл сыртқа шығатын туристер үшін жақсы жағдай емес, сәйкесінше бұрын Қытайда, Түркияда (сыртта демалушылардың көпшілігі Түркияда дем алған екен), Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстанда немесе тағы басқа елде жұмсайтын қаражатына еліміздің өз ішінен демалатын, саяхат жасайтын орындар іздей бастады. Егер, әрбір шетелге шығушы турист кем…
