Данияр Әлпиевке алданған салымшылар Президентке үндеу жасады
«Алтын Орда» базарында салынып жатқан 3 павильон салымшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшысы Данияр Әлпиевке алдандық» деген саудагерлер «Әлпиевтің әйелі мен адвокаты әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық манипуляция жасап, тергеуге әсер ету үшін түрлі айла-шарғы жасауда» деп алаңдаулы, - деп хабарлайды Dalanews.kz.Әлпиевтің әйелі Алма Әлпиева бұған дейін «әлеуметтік желіде «Алтын Орда» базарында жұмыс істемейтін және жалған салымшылар сұхбат беруде» деген болатын. Алайда бүгін құрылыс басына жиналған үлескерлер Алмагүл Әлпиеваның сөзін жоққа шығарды.«Біз «Алтын Ордадағы» құрылысқа салымшымыз. Салымшы ретінде Тоқаевқа үндеу жасаймыз. Біріншіден, Данияр Әлпиевтің әйелі бізге жала жабуды тоқтатсын. Біз жалған адам емеспіз, бәріміз салымшымыз. Екінші…