Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт ашылды
Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін және 150 тонна күріш салысын өңдейтін «күріш ақтау» зауыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Өндіріс орнында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде ашылып жатқан зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы же…