Мақтану мен Менсінбеу. 1 - тарау
Бірінші тарауІсі алға басқан бойдақ еркектің өзіне жар іздеу керектігі баршаға белгілі ақиқат.Бірақ та әлгі жігіттің шалғай жатқан аулаға кіргендегі сезімі мен көзқарасы көпке белгісіз қалады. Жоғарыда айтылған шындық жақын маңдағы отбасылардың ойына орныққаны соншалық, сорлы жігіт осы отбасылардың бірінің болмаса бірінің қызының заңды меншігіндей саналды."Менің ардақты Бэннет мырзам," деп үн қатты оның жан жұбайы, "Сіз Незерфилд Парктің ақыры жалға алынғанын естідіңіз бе?"Бэннет мырза естімегенін айтты."Бірақ бұл шынымен солай" деп қайырды әйелі; "Лонг ханым жаңа ғана осында болған, және маған бұны айтқан да өзі."Бәннет мырза тіл қатпады.Әйелі шыдамсызданып "Паркті кім алғанын білгіңіз келмейді ме?" деп даусын көтерді."Сіз айтқыңыз келсе айтыңыз, ал менің тыңдауға қарсылығым жоқ."Бұл жау…