Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Мәшһүр Жүсiп

Айырылды бiздiң қазақ Есiлiнен, Өзiнiң болған емес кесiрiнен. /М .Көпеев/ Шұрайлы жер, шақты өлкенi алып, Қара шепкен, жатқаның ауыз салып. Көрген сәтте, Мәшеке, жан күйзелiп, Не болар деп бейшара мына халық. Жан жүрегiң сезiмтал жараланып, Жаздың өлең әр сөзiң дараланып. Жиырылып қарсы алса ұлық бiткен, Ұйып тыңдай қалғанда қара халық... Сөйте тұра қазақты сын шоғына қақтаған, Абай iшкен зәрлi уды жан емес ең татпаған. Үмiт үзбей қазағым түзелер деп кеткен ең, Келдi кезең, Мәшеке, сенiмiңдi ақтаған. Жапа шеккен заманнан тағдырыңды, Бiлгендер аз, бiлмеген таң қылулы. Әруағыңмен алысып, кей айуан, Қанды қақпанбасыңа сан құрылды. Кешiр, баба, күмбезiң ойрандалып, Оспадарлар кеткенмен ойран салып. Жүрегiнiң түбiнде сақтап жұртың, Аман-есен жеткiздi бұл күнге алып. Тас атудантынбаған дәуiр мы…

1
0
496

Болғай да құтты бесігің

 

Нұрфараби жарығым,

Баязиттің ұрпағы.

Асылбектің жалғасы,

Немеремсің алғашқы.

 

Үміт шоғын үрлеумен

Қаншама жыл алмасты.

Алаулап атты қыр таңы,

Қаншама түндер өтпеді.

 

Өзге елдің өсіп ұрпағы,

Өмірде мынау өтпелі

Кешігіп жатты атаңның

Аңсай бір күткен көктемі,

 

Алладан тілеп көктегі,

Жаратқаннан мырза жоқ тегі,

Бұл атаң сені армандап,

Қаншама жылды өткерді.

 

Ақыры Алла жарылғап,

Қақтың – ау өмір есігін.

Жатырсың жүзің албырап,

Болғай да құтты бесігің,

Болғай да құтты бесігің!

     

Атасының Нұрфарабиге берге батасы

 

Қалың Нұрдың ішінде

Айдай болып жарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Тау бұлағындай тасқындап,

 

Қара Ертістей сарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Күндей болып күлімде.

Сенде болсын байлық та,

 

Сенде болсын білім де.

Ұзақ жасап, жарып шық,

Жарып шыққын түбінде.

( Әумин)

Cүлеймен Баязитов

0
0
620

Бiр саясаттанушыға

 

Ана елдi жау дедiң,

Мына елдi жау дедiң,

Қанқұмарлар бiздi де

Қалдырмайды сау дедiң.

Үрейге толы сөзiңмен

Бездiрiп тындың, ақыры,

Тыңдаушыны өзiңнен.

Балапан партиялар

Ана бiр жылы желдi күндей көтерiлген еңсесi,

Партиялардың көбiнiң

Таба алмадым кеңсесiн.

Құдды құмға сiңiп кеткен судай ма?

Әлде олар өздерiне қолайлы

Сәтте ғана жалаулатып шулай ма?

Болады екен мұндай да.

Өкiнбеңiз, алайда

Сайлау жақын қалайда

Балапандар тастап шығып ұясын,

Құлағына сайлаушының

Бағдарламаларын жарыса құятын

Кез де туар орайлы.

– Негiзiнде, – дейдi жұрт,

– Балапанды күзде санау қолайлы.

 

Сүлеймен Баязитов

0
0
338

Өлең кiмдiкi?

Қазiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес. Солардың көпшiлiгiнiң оқулық авторларының кемшiлiгiн көре тұрып, көрсете отырып, ой өрбiткендегi көздеген мақсаты – жас ұрпақты шынайы әдебиет мәйегiмен ауыздандырып, әз халқымыздың асыл мұрасын сүйiп, бiлiп өсуiне азды-көптi қол ұшын беру ғой. «Жүйрiкте де жүйрiк бар, әлiне қарай жүгiрер» демекшi, ортаға ой салушылардың бәрiнiң айтқаны айнақатесiз деудiң де жөнi келе қоймас. Осыны түсiне, түйсiне отырып, тәуекелге бел буған жайым бар. Сонау 1950 жылдары «Ананың сүюi» атты осы өлеңдi төменгi сыныпта оқып жүргенде, таңдайымыз тақылдап жатқа айтатын едiк: Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай, Шешең байғұс, дамылсыз ж…

0
0
577

Қазақ сынының жаңа кескіні

– Өлеңдерің жаман емес екен. Қайда оқыдың, не бітірдің? – Бітіргенде, –дедім мен кібіртіктеп. –Большевик жеті жылдық мектебін. Осы сәт жаңа ғана іш тартып өлеңдерің жаман емес екен деп отырған ағам жыландай жиырылып сала берді. – Бәсе өзім де әдебиет теориясынан бейхабар біреусің-ау деп отыр едім, – деп өлеңдерімді алдыма атып ұрды. Біршама сасып қалсам да: – Аға, – дедім мен. –Сіз жаңа әдебиет теориясы дедіңіз бе? Ол не? Оны қайдан оқуға болады? – Әдебиет теориясы, әдебиет теориясы... – деді ол әлден соң, – ол сын ғой. Бар енді, оны саған тәтпіштеп түсіндіріп отыруға уақытым жоқ. Әлден соң: – Ә-ә-ә, есіме түсті, –деді ол риза көңілмен. –Оны «Жұлдыз» журналы бар ғой. Соның соңғы беттерінен, сонан соң «Қазақ әдебиетінен» табасың. Ол кезде «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналын екіні…

0
0
615

Тектілік

Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға: –Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады. –Жоқ, – дедім мен. – Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл…

0
0
727

Болғай да құтты бесігің

Нұрфараби, жарығым, Баязиттің ұрпағы, Асылбектің жалғасы, Немеремсің алғашқы. Үміт шоғын үрлеумен Қаншама жыл алмасты. Алаулап атты қыр таңы, Қаншама түндер өтпеді. Өзге елдің өсіп ұрпағы, Өмірде мынау өтпелі Кешігіп жатты атаңның Аңсай бір күткен көктемі. Алладан тілеп көктегі, Жаратқаннан мырза жоқ, тегі, Бұл атаң сені армандап, Қаншама жылды өткерді. Ақыры Алла жарылқап, Қақтың-ау өмір есігін. Жатырсың жүзің албырап, Болғай да құтты бесігің, Болғай да құтты бесігің! Внуку Нурфараби, мой долгожданный внук И продолжатель рода Баязита, Ты – солнца луч и громкий сердца стук, Моя надежда, молодость, защита. Я много лет в мечтах встречал рассвет, Просил Аллаха страстно каждый вечер, Чтоб ты сказал однажды: «Здравствуй, дед!» Я жил и верил в чудо нашей встречи. Давно пустили корни старики, Мо…

0
0
475

Неге үнсізсің?..

Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін, Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін. Ал түсіме осы шың жиі кіред, Сезем, сезем, жері емес өзгелердің, Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті, Қаншама ұрпақ алмасты өңіріңнен, Қар көмкерді, жаңғыртып жасын өтті. Оны қазір тап басып айта алар кім? Тап басса да, есесін қайтарар кім? Осы шыңға өрлеймін түсімде мен, Түн түндігін түргенде айқара күн. Қазына іздеп сабылам үңгірлерден, Тосын үннен сескеніп күңгірлеген, Өз-өзіме жатқаным сауал қойып, Іздегенім алтын ба, мүмкін, өлең?.. Сан үңгірді сабылып шарлап-шарлап, Түк таба алмай көзімнен жасым парлап. Оянамын, о, тәуба-ай, ертең тағы Түс сапарға шығамын Маған арнап Іздемек боп тығылған қазынаны, Қанағат қып аз дәулет, аз мұраны, Жүрген жан ем, бұл сырым Аллаға аян, Жоқ іздетіп неге үңгір қаздырады? Не десең де Тыл…

0
0
372

Бір сұлуға

 

Хордың қызын,

Діндар біткен сұқтанған.

Көргенім жоқ, көрмеген соң сенбедім.

Бұл сөзімді демес теріс ұққан жан,

Сұлуымсың жер бетінде сен менің.

Өзгелерден,

Өзгешесің , дарасың,

Сенің үнің

Әндей әсем мен үшін,

Өзіңменен табар жаным жарасым,

Өзіңменен табар жаным келісім.

 

Одной красавице

Все благоверные мечтают

О деве райской красоты.

Но я, завидев, не растаю,

Ведь есть на белом свете ты.

Ты для меня – краса земная.

На свете нет другой такой.

Твой голос я душой внимаю,

Как песнь любви, и понимаю -

С тобой найду лад и покой.

 

Suleymen Bayazitov

Перевод Талгата Гарипова

0
0
523

Алда, алда Баянның ғасыры әлі

Баян десем ет жүрек езіледі, Бабалардан бұл мирас сезім еді. Мәңгілік ол ұрпағы тірі кезде, Біз өтерміз, Ал оның көз ілмегі Мүмкін емес. Ұрпақпен жалғасады, Ғасырымен адамзат алға асады. Баянды мен жырладым білгенімше, Ал ұрпақтың айтылар алмас әні, Жер-жаһанды жаңғыртып жарқылдайды. Қаныш десем –қазақты атағаным, Бұқар, Мәшһүр –пір тұтар аталарым. Ел жұртына риза боп берді ме екен, Өсіп –өніп көркей деп баталарын. Ал болашақ қиялға жүк дер едім, Аңсаған ем мен мұны, күткен едім. Жұмақ орнап жерімде байтақ мына, Үйірілер қазаққа құт дегенің. Жету үшін, осыны көру үшін Ынтымақ , Бірлік Қажеті төзім,тегі. Төзім бізде жыртылып-айрылады, Баянтау да ұқсатар бай мұраны. Өршіл рух ел барда өшкені жанып, Айдан анық асары айбыны әрі. Елдік, Ерлік әманда басты ұраны, Алда,алда Баянның ғасыры әлі! В…

0
0
612