Қолды болған қоңыр кітап немесе Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы Сүлеймен Баязитов ауданда» очеркі хақында
Ол жылдарда жақсы кітапты қолға түсіру, оны оқып шығу өзін сәл-пәл сауатты санайтын кез келген кеңес адамының ізгі мұраты саналатын. Солардың көпшілігі кітаптан ақша аямайтын, сатып алатын. Қай үйге барсаңда, кітап сөресі бос болмайтын. Ол кезде Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары қолдан қолға тимейтін. Ал мен жұмыс істейтін Баянауыл аудандық «Жеңіс» ( қазіргі«Баянтау») газетіндегі сақа журналистер Әзілхан Нұршайықовтың облыстық «Қызыл ту» газетінде редактор болғанын, одан кейінгі жерде «Социалистік Қазақстанның» осы облыстағы меншікті тілшісі болғанын жырдай ғып айтатын. Оның жазушылық жолының алтын баспалдағы журналистикадан басталғанын естіп білу менің оған деген құштарлығымды арттыра түсті. Бірде кітап дүкеніне кірсем, Әзілхан Нұршайықовтың«Қазақстан» баспасынан жаңада ғана жарық көрген…