Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Шәкен аға

-Шәкен аға фильмдерін көрдің бе? -Көргенмін. -Соның бірін маған атап бер,- дедім. -Алдар көсе. -Дұрыс. -Бірақ Алдар көсе Ғасырларда әлденеше Болған ненің кейіпкері? -Аңыздың. Ол аңызда Алдайтын да, Арбайтын да. Тал бойында Бар өнерін Арам байға, Төрелерге Бүйі дейін тиген елге Қарсы үнемі Жұмсағанда, Шоқтай қарып, от боп жанды. Аялаған адал жанды, Аспандаған асқақ әні. Шәкен ата бейнелеген Алдар көсе Тарих болып қалды мәңгі.

Cүлеймен Баязитов

0
0
550

Биші Шара Жиенқұлова

-Шара әжем би өнерін Түлеткенін білер ме едім?- Дейді Гүлден масаттанып, Би кітабын қолына алып. Қамажайды шалқып билеп, Киіз басып, салады өрнек. Би – өнер, бұл емес ермек, Шара әжесін үлгі тұтқан, Биші қыз ол жүрек жұтқан.

Сүлеймен Баязитов

1
0
1741

Қазақ боксының атасы

Бокс десе ішкен асын, Жерге қойған сыныптасым Маған қарап керіп қасын: -Білесің бе?- деп сұрады, -Бокстың кім айтшы атасы? -Білмеймін. -Алғаш қазақ балаларын Жаттықтырған салып жанын Шоқыр Бөлтекұлы бабамыздың Тарихында ел боксы Сайрап жатыр салған ізі. Талайлардың ашқан бағын, Ниеті ізгі жаны жалын. Шоқыр баба шәкірттері Бабамыздың жалғап жолын, Сан биікке созды қолын. Әр жүректе мақтаныш боп Қалды мәңгі есімі оның.

Сүлеймен Баязитов

0
0
408

Бұлақ

Шың басынан құлдырап, Құлап аққан тас бұлақ. Әлденені былдырап, Айтатындай тұр құлақ. Әй, балалар, балалар, Тентекке не шара бар? Суымды тұнық лайлап, Мәз боп санын сабалар. Лақтырып небір қоқысты, Жағамды сол қоқытты. Арнама әкеп төгеді, Күл қоқысты, боқтықты. Әй, балалар, тентектер, Басып қансаң шөліңді, Ластамаңдар төрімді! Өтінемін сендерден!- Деп тұрғандай көрінді.

Сүлеймен Баязитов

3
0
382

Хрущевті тақырға отырғызған

Сәмен өзіне әлдекім сыйға тартқан кітапты қолына алып, самарқау көз салып отыр. Кенет көзі «Хрущевті тақырға отырғызған» деген тақырыпқа түсе кеткені. Сол кезде мұның: «Хрущеві кім? Аты әлемге әйгілі «жүгеріші» Хрущев пе, жоқ әлде екі ауылдың бірінде арақтан басы артылмай жүрген ішкіштердің бірі ме?»- деген ой иектеген. «КСРО президенті...» деген жолдарды оқығанда, мұның ауылдағы арақ кешке зәредейде қатысы жоқ екенін әңгіме «жүгерші» Хрущев туралы екеніне шүбәсі қалмады. Рас, арагідік әлдекімдердің естелігінде аты аталып қалғаны болмаса, қазақ әдебиетінде әзірше Хрущев туралы қалам тартушы жоқтың қасы. Әңгіме авторы сол кемшіліктің орнын толтырмақ болды ма екен? Тек КСРО –да Хрущев ел басқарған жылдарда президент деген атымен болмағанын ел тарихын білмейтін бұл не қылған журналист? Әлде…

0
0
649

Қып - қызыл...

Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған. Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды. Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған.Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды. -Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, ә…

2
0
855

Бас ақын

Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың! Мен солай ұйғардым!»- деп салды. Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді. Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты. Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді. -Бар,- десе... -Дұрыс!- деп бетке батасын беретін. - Жоқ,- дей қалса... - Сен өзі... не тантып тұрсың? Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны…

1
0
440

Сүйінші!!!

-Құдағи, сүйінші!.. -Қалағаныңызды алыңыз. -Қажет емес пұлыңыз, Сөзіме құлақ салыңыз. -Құлағым сізде, құда,- деп Қасын керіп назданды. -Содан бері жиырма қыс, Жиырма көктем жаз қалды. Қоңыраулы күз, Қоңыр күз Ұмытармыз қалай оны біз?! Немере мен шөбере Оңымыз бен солымыз. -Бір Алланың бергені Жалғасады жолымыз. Қартайтқанмен біздерді Ұрпағымызды түлетті. -Айтпаңыз енді, құдағи, Сүйсініп оқыр сіз ылғи, Бөбектердің үні дерлік, Сөйлейтұғын тілі дерлік, Көретұғын күні дерлік, Тәуелсіз ел нұры дерлік, Тәуелсіздік жыры дерлік. Күндей шалқып, Айдай толған Ана тілге, салт дәстүрге Туған күннен болған қорған. «Айналайын» жиырмада Жөргегінде ана тілінің Асыл діні, тінінің Жоқшысы болып ер жетті. -Осы сөзің, әй, құда, Салды еске бұл кепті. Ол кезде қазақ тілін мен Жатсынып біраз «бүлінгем». -Жүзінде…

2
0
668

Павлодарлық орыс ақын - жазушылары және «Простор», «Нива» журналдары туралы аз-кем сөз!

Жұдырықтай жүрегіңді мың сан арман аялаған қайран жастық шақ... Мені де айналып өтпегенің анық еді. Бірде түкті кілемнің түгін түсірген Қажымұқан тектес палуан болсам, бірде Бауыржан тектес қаһарлы қаһарман әскербасы болсам деп армандаумен күндер өтіп жатты. Бірақ балалармен белдесе жүріп өзімнің тіптен әлжуаз екеніме, біреу қатты ақырып қалса қалтырап, дірілдеп жүрегімді тоқтата алмай қалатын қорқақ екенімді аңғардым. Сондай күндердің бірінде журналист жазушы болсам деген сәулелі ой санамды шарпып өткендей еді. Соған табан тіредім. Ол үшін оқу керек екендігі талас тудырмайтын. Аздап өлең жаза бастадым. Сол сәттен бастап тек әдеби көркем шығармаларға зер салумен шектелмей, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналдарын қызыға, құмарта оқыдым. Тек орыс тіліндегі газет- журналдарға көпке дейін тісі…

0
0
715

Бір күй бар...

Өре! Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп. Өре – дүниетаным, пайым-парасатың, жаңағы айтқан ақыл-ойың. Осы өрені көтеріп отырмаса, адам шіркіннің төмендей берері хақ. Өрені көтеретін, әлбетте, кітап, өнердің сан алуан түрі (театр, көркемөнер, музыка, қолөнері, т.с.с), кәсіби ісің, ақпараттың алуан түрі, т.б. Осы ретте қазіргі замандастардың өресі қай деңгейде, жалпы өремізді көтеруге қызмет ететіндердің өздерінің өресі қай деңгейде деген сауал туындайды. Бір сөз бар: «Кітапты өртеуден де жаман қиянат – оны оқымау» деген. Енді осыны өзімізден сұрап көрейік, біз әдеби кітап оқып жүрміз бе?…

0
0
545