Шешенсөз бен әдебиеттің ұқсастығы мен айырмашылығы
Осы уақытықа дейін біз шешенсөз бен шешендік сөздің бір-бірінен аражігін ажыратқан едік. Сөздер ұқсас болғанымен қолданар аясы мен мақсаты екі түрлі болды. Дәл солай бүгін әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы мен ұқсастығын талқылайтын боламыз.Әдебиет оқырманға жалпы әңгімені , өзінің ойын , идеясын оқиғамен байланыстырып, адам мінезімен, оқиғаның өрбуімен қатар көрсетеді. Яғни автордың өз қалауымен жарыққа келеді. Ол өткен мәселені теріп жазуы мүмкін немесе болашақта өзекті болады деген жәйтті жазып шығады. Ал замансөзде ол ондай шытырманмен жеткізілмейді. Белгілі бір ақпарат оқырманға жету керек болған жағдайда , ол тікелей айтылады. Шешенсөзде ол оқиға алдын ала жоспарланады. Мысалы: жиын, кеңес, алқасөз, дау шешу барысында осы шешенсөз ортаға енеді. Болған оқиғада, дәл сол тұста тамыр…