Мазмұнға өту
News-Aktau

News-Aktau

Сайтта 2020 ж. 2 қаңтарКазахстан, Актау

Независимый журналист. Живу и работаю в городе Актау Мангистауской области. Готов к сотрудничеству со всеми, кому интересно продвигать полезные проекты. Пишите на почту: [email protected]

рейтинг

250

жазбалар

161

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

9

Маңғыстау облыстық стоматология орталығының қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды

Оның айтуынша, бұрын мұндай жүйелер өнеркәсіпте ғана қолданылған. Ал бүгінде стоматология мен медицинада кеңінен қолданылып келеді. Стоматологияда CAD CAM жүйесін қолданудың артықшылықтары туралы ақпаратты кеңінен түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, жүйе күрделілік деңгейі әртүрлі тістердің көлемді 3D үлгілерін жасауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.CAD жүйесі инлейлерді, онлейлерді, тәждерді, көпірлерді оңай модельдейді. CAD CAM жүйелерінің CNC машиналары тістердің үлгі диапазонының автоматты кітапханасының арқасында автоматтандырылған модельдеуді жүзеге асырады. Бір сеанста 16 тіске дейін модельдеуге болады. Бұл жүйеге 1 адам қызмет көрсете алады. 5 есе жылдам емдеу, протездеу қамтамасыз етеді. CAM CNC жүйесінің операторының жоғары біліктілігін және үлкен тәжірибесін талап етпейді және…

1
0
251

Дәрігер деген – ең ұлы әрі қастерлі мамандық.

Тек адам анатомиясын терең зерттеуге қабілеті жоғары, жиіркенбейтін, қорықпайтын, науқастың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жандар ғана осы салада жұмыс жасай алады. Жалпы медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді, соның бірі - стоматология. Осы саланың суығына тоңып, ыстығына күйген ақ халатты абзал жандар жетерлік. Солардың бірі - Баян Қосбармақова. Ол 1982-1987 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында білім алған. Еңбек жолын сол 1987 жылы интерн тіс дәрігері болып бастаған. Қазірде өзінің мамандығы бойынша жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Әр жылдары Форт-Шевченко қаласында, "Менеджмент" ЖШС, "Ча-Кур" медициналық клиникасында еңбек етті. Бүгінде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында білікті тіс дәрігері. Ол дәрігер болуды…

1
0
373

Ақтауда "SENIM" кәсіподақ ұйымы бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады

Кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов бір топ ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтап, "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының Орталық Аппаратының төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың атынан Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.Атап айтқанда, №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Жеңіс Шалхарбаев, Бейнеу орталық аудандық ауруханасының эндокринолог-дәрігері Сәлима Нұрмағамбетова, №1 Ақтау қалалық емханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Александр Минин, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфе…

0
0
269

"SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының үздіктері марапатталды

Осыған орай үстіміздегі жылдың 5 қазан күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында кәсіподақтар күнін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, еңбек ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік серіктестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатысты.Салтанатты шара кезінде "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов жеке өзінің және республикалық "SENIM" кәсіподағының төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың атынан құттықтау сөз сөйлеп, медицина саласы қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсарту бойынша мәселелерді шешудегі кәсіподақтардың жоғары рөлін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады.Содан соң "SE…

0
0
243

Жергілікті қоғамдастықтардың күшіменкиіктердің үстірт популяциясын сақтау

Аталмыш жобаның жүзеге асырылу жұмыстарына сарапшылық қолдауды үстіміздегі жылдың қыркүйегінде дала экспедициясы аясында Маңғыстау және Ақтөбе облыстырана келген Германиялық табиғатты қорғау одағының (NABU) сарапшысы Штефан Михель көрсетуде.Аталмыш жоба алдымен Ақтөбе облысының Байғанин және Шалқар аудандарынан бастау алып, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жалғасын табуда, болашақта Атырау облысының Жылыой ауданын қамту көзделіп, киіктердің үстірт популяциясының Қазақстан аумағындағы миграция жолдары қамтылады деп күтілуде.– Ежелгі дәстүрге сәйкес, революцияға дейінгі уақытта жайылымдық жерлері болған қазақ халқы өздері тұрып жатқан аумақта мал жаюмен қатар жабайы жануарларды аулаумен де айналысқан. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Еліміздегі қолданылып келе жатқан та…

0
0
233

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.

Мұнда бір ауысымда 13 диспетчер жұмыс істейді. Эпидемиологиялық жағдай күрт қиындаған тұста "103" қызметіне күніне 1000-ға жуық қоңырау түскен.Аманбек Қабдешұлы жедел жәрдем қызметінің жұмыс барысымен таныса келе, пандемияға қарсы күресте алдыңғы шепте жұмысын жалғастырып келе жатқан «103» қызметінің әрбір қызметкерінің еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтіп, ризашылығын білдірді.«Мен бүгін 103 диспетчерлік қызметінің қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көргенді жөн санадым. Сіздерге жауапкершілік пен жүктің екі есе артқанын жақсы түсінемін. Осындағы барлық дәрігерлерге, фельдшерлерге, жүргізушілерге, әкімшілік қызметкерлерге, кезекші диспетчерлерге күнделікті жұмыс барысында пандемиямен күресте күш-жігеріңіз сарқылмасын дегім келеді», - деді ол.Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медицинал…

0
0
395

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында бірқатар медицина қызметкері марапатталды!

Марапаттау рәсімінде "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов, еліміздің конституциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін тілге тиек етті және ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан екендігін тілге тиек етті."Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және бұл құжат азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайтынын айта кеткім келеді. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік, татулық тілеймін", - деді өз…

0
0
314

"Nur Otan" партиясы МОФ жанындағы қоғамдық кеңестің бірлескен кезекті отырысы өтті.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаларда кәсіпкерлерді несиелендіру барысы туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбегенның баяндама жасады.Оның айтуынша, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 700,0 млн теңге бөлінген. Қаражатты толық игеру қазан айына жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 27 шілдесіне қараған күнде «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 466,4 млн.теңгеге 43 өтінім қабылданды, оның ішінде 294,3 млн.теңге 28 шағын несие берілді, 53,3 млн.теңгеге 4 шағын несие мақұлданды және 118,8 млн.теңгеге 11 шағын несие қаралу үстінде. Сонымен қатар 143,3 млн.теңгеге 10 кәсіпкер құжаттарын жинақтау үстінде. Жүйелі мәселелер қатарында…

0
0
238

«Nur Otan» партиясы МОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Оның айтуынша, облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілікте болады деген облыстағы барлық білім беру ұйымдарының жарғысына енгізілген.Маңғыстау облысы бойынша барлығы – 163 жалпы орта білім беру ұйымы бар. Оның ішінде – 143 күндізгі, 5 – кешкі, 15 – жекеменшік мектеп. Облыстағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары тоқсан сайын ата-аналар мен ұжымның алдында есеп беру кездесулерін өткізіп отырады.Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының І жартысындағы қамқоршылық кеңесі мүшелеріне атқарған жұмысының есебі туралы жиналыстар өткізілді.Облыс…

0
0
253

"Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021" байқауының облыстық кезеңі аяқталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021" байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Байқау шарты бойынша қатысушы кәсіподақ ұйымдары бірнеше критерийлер бойынша бағаланды. Атап айтқанда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы толық ақпараты бар анықтама-визитка, ұжымдық шарт, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, бір мәдени-көпшілік іс-шараның сценарийі, кәсіподақ комитеті отырысының және жалпы ұжымдық жиналыстың бір хаттамасы бойынша, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысының тиімділігі мен рөлін арттыру туралы эссе, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының өзін-өзі таныстыруы. Яғни көшбасшының автопортреті - өзі туралы әңгіме, өзінің көшбасшылық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы, кәсіподақ көшбасшысы ретінде өзінің же…

0
0
350