Француз тілін үйренемін деушілерге!
Француз тілін үйренудің сан мыңдаған тәсілдері бар: тіл үйрететін түрлі онлайн, офлайн курстар, телефон немесе компьютерге арналған бағдарламалар, өз бетіңмен үйреніп бастау және тағы басқалары. Қазақстанда ағылшын тілінен бөлек өзге шет тілдерін үйрететін университеттер айтарлықтай көп емес. Біз осы қиын таңдау жолында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдадық.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ірі оқу орындарының бірі. Университет әлемдік ғылыми және білім кеңістігінде өзінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін жылдар бойы дәлелдеп келеді. Ол әлем бойынша университеттердің Round University Ranking рейтингінде ұсынылған жалғыз қазақстандық ЖОО болды.Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрі бай, оқу-ғылыми қызметте көп жыл…