Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды
Билеуші партияның қатарына түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты қазақстандықтар қосылды.Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nur Otan» партиясына бүгін барлығы 1,5 мыңға жуық азамат кірген.Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстай отырып, «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін атап өтті.«Елбасының мұқалмас ерік-жігері мен қайсар қажырлығы біздің бәріміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де әрдайым Отанға қызмет етудің теңдессіз үлгісі болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен еліміз үшін аса маңызды іргелі істер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елордамыз бой түзеді. Семе…





