1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Көкшетаудағы Қазақстандық агро-инновациялық корпорациясының еңбек ұжымымен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы кездесіп, елдің дамуындағы, тәуелсіздік жылдарындағы Елбасының рөлі жайында баяндады.
Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы – ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы әлемдік көшбасшыларының Қазақстан Республикасы аймағында ресми серіктесі болып табылатын қазіргі заманғы көп қырлы көтерме, тіркеме және өзі жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының өндірушісі.
Бүгінде бірлескен кәсіпорын шығарып жатқан тракторлардың бағасы қолжетімді. Сапасы да техникалық талаптарға сай. Соған орай, кәсіпорын шығарған техника тұтынушылар тарапынан жақсы сұраныс туғызып отыр. Қазір тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрі шығарылуда. Осылайша, кәсіпорын өндіріс көлемін жыл санап арттыра түсуде. 2012 жылы басталған бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3,4 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Қазір толыққанды жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жыл сайын 25 түрлі ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызметке арналған техникалардың 5 мың данасын шығарады.
#BIRINShI
https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2778697039013726
