Мазмұнға өту
akorda

akorda

Сайтта 2019 ж. 26 желтоқсан

Аккаунт является кросспостингом официального сайта Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/

рейтинг

251

жазбалар

378

пікірлер

0

тіркелуші

19

жазылымдар

0

Қаржылық мониторинг агенттігі: 164 миллиард теңгенің заңсыз операциялары тоқтатылды

Жанат Элиманов: ➤ ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндады. Ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Ол 20 Darknet алаңымен жұмыс істеп, 200-ден астам «наркошопты» қамтыған. 9,7 миллион долларға тең виртуалды активтер бұғатталды. ➤ Қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойғаны жөнінде ақпарат берді. Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге сомасындағы мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех…

Конституциялық сот: азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдарды жетілдіру

Эльвира Азимова: ➤ 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскенін айтты. ✔️ Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. ✔️ Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр. ➤ азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот…

Қазақстан Президенті Тәжікстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Цифрландыру мен жасанды интеллект: Қазақстанды дамытудың жаңа стратегиясы

«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың…

Елде инвестициялық саясатты түбегейлі жаңарту қажеттілігі

Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-Министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс. Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын. t.me/aqorda_re…

Ұлттық қорды инвестициялық дамыту: жаңа мүмкіндіктер мен стратегиялар

«Меніңше, Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгертетін кез келді. Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін айта кету керек. Соның нәтижесінде, қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Республикалық бюджетке тағы қосымша қаражат түспек. Бұдан бөлек, инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн, ел экономикасы үшін маңызы, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы…

Қазақстанда цифрлық активтер мен банк жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары

«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәс…

Alatau City: Қазақстанның инновациялық технополисі

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он к…

Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарлануда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi