Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мән-мазмұны жайында мәлімет берді– Жолдауда біздің жаңғыруға, инновацияға, орнықты дамуға, ғаламдық күн тәртібіндегі Қазақстанның беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымымыз көрініс тапты. Шетелдік серіктестеріміздің осы басымдықтарды айқын түсінгені өте маңызды деп санаймын. Басты мақсат – Қазақстанды технологиялық тұрғыдан озық елге айналдыру. Сондықтан жасанды интеллектінің қолдану аясын кеңейту және жаппай цифрландыру жаңа ұлттық идеяға айналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды. – Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайту…