✍️«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды
Күні кеше «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізім бойынша 90 адам ұсынылды.▶️«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев аз ғана уақыт ішінде Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ең лайықты үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.💬«Ел аумағындағы өңірлік сайлау комиссияларына «AMANAT» партиясынан мәслихат депутаттығына 3821 кандидаттың құжаты ұсынылды. ОСК-ға тапсырылған партиялық тізімде квота сақталып, үміткерлердің 30%-дан астамын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрады. Сайлау әділ, таза өтеді деп сенеміз және алдағы саяси додаға толық дайынбыз», – деді Елнұр Бейсенбаев.Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясынан Мәжіліске бірмандатты округтер бойынша…