Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

✍️«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды

Күні кеше «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізім бойынша 90 адам ұсынылды.

▶️«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев аз ғана уақыт ішінде Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ең лайықты үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

💬«Ел аумағындағы өңірлік сайлау комиссияларына «AMANAT» партиясынан мәслихат депутаттығына 3821 кандидаттың құжаты ұсынылды. ОСК-ға тапсырылған партиялық тізімде квота сақталып, үміткерлердің 30%-дан астамын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрады. Сайлау әділ, таза өтеді деп сенеміз және алдағы саяси додаға толық дайынбыз», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясынан Мәжіліске бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттардың құжаттары тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін партияның Атқарушы хатшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

❔Партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады: https://t.me/AMANATPartiyasy/9852. бірмандатты округтер бойынша: https://t.me/AMANATPartiyasy/9853.

Сайлауалды бағдарламаның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланып, партияның сайтына орналастырылады.

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
300

Осы тақырып бойынша

✍️«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды - Yvision.kz