«Nur Otan»: Ақтөбеде сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі жол картасы дайын
Ақтөбе облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жобасы алдағы аптада облыстық мәслихаттағы фракция отырысында талқыланып, пысықталған болатын. Бұл құжат бүгін партияның Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросында бекітілді.Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген Жол картасы 165 пункттен құралған. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдау, ТКШ желілерін жөндеу, жолдардың сапасын, экологиялық жағдайды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және тағы басқа бағыттары бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар. Әрбір бағыт бойынша нысаналы инд…