Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлердің сапасы тексерілді
Қазіргі таңда бұл тұрғын үй алабында 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Тағы бір көп қабатты тұрғын үй желтоқсан айына дейін пайдалануға берілмек. Ал №10 тұрғын үй маңына көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 123 пәтерлі №9 тұрғын үйдің құрылысын «Норис и К» ЖШС-і жүргізген. Жоба құны — 1,6 миллиард теңге. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №23 және №9 тұрғын үйлер уақытылы тапсырылады. Құрылыс материалдары дер кезінде жеткізілді. Қазір әрлеу жұмысы жүріп жатыр. Нысанды жылдың соңына дейін тапсырамыз», - деді «Норис и К» ЖШС-нің учаске басшысы Абиболла Жұмағалиев. Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аслан Жарасбаевтың айтуынша, бұл шағын ауданда өткен жылы 1352 адамға пәтер берілген. Биыл 6 көпқабатты тұрғын үйдің 5-і, 11 аз қабатты үйдің 8-і тапс…