Облысымызда 1200 ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталан 51 сервистік дайындау орталығы істейді.
«Жетісу» ӘКК-нің хабарлауы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы жылдарда өңірде қант қызылшасы бағытында 29 СДО, дәнді дақылдар бойынша – 7, көкөніс – 1, жүгері – 2, күріш – 4, картоп – 3, жем дайындауда 5 сервистік дайындау орталығы құрылып, олардың жалпы саны 51-ге жеткен. Аталмыш СДО-ларда қаржылай лизинг арқылы берілген 1204 дана ауыл шаруашылығы техникасы қызмет көрсетуде. Соның ішінде биылғы жылы 6 СДО құрылып, (3 - жем дайындау, 2 - күріш, 1 - дәнді дақылдар бойынша) оларға 88 техника алып берілді. Заманауи техниканы жеңілдік шарттарымен ұсынатын сервистік-дайындау орталықтары іс жүзінде ауылдағы бизнесті дамытуға зор ықпал етіп, әлеуметтік жобаға айналды.Арнайы техникалар CLAAS, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және басқа да әлемдік өн…