Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облысымызда 1200 ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталан 51 сервистік дайындау орталығы істейді.

«Жетісу» ӘКК-нің хабарлауы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы жылдарда өңірде қант қызылшасы бағытында 29 СДО, дәнді дақылдар бойынша – 7, көкөніс – 1, жүгері – 2, күріш – 4, картоп – 3, жем дайындауда 5 сервистік дайындау орталығы құрылып, олардың жалпы саны 51-ге жеткен. Аталмыш СДО-ларда қаржылай лизинг арқылы берілген 1204 дана ауыл шаруашылығы техникасы қызмет көрсетуде. Соның ішінде биылғы жылы 6 СДО құрылып, (3 - жем дайындау, 2 - күріш, 1 - дәнді дақылдар бойынша) оларға 88 техника алып берілді. Заманауи техниканы жеңілдік шарттарымен ұсынатын сервистік-дайындау орталықтары іс жүзінде ауылдағы бизнесті дамытуға зор ықпал етіп, әлеуметтік жобаға айналды.

Арнайы техникалар CLAAS, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және басқа да әлемдік өндіруші зауыттардан сатып алынады. Технология барысында көп еңбекті қажет ететін процестер кең ауқымды машиналардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте дақылдарды нүктелік технологиямен себу және оларға күтім жасау егістікті арамшөпсіз таза ұстауға және дақыл аралығының сиректігіне қол еңбегін пайдаланбай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/.../zhetysu/press/news/details/108185

0
0
157

Осы тақырып бойынша

Облысымызда 1200 ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталан 51 сервистік дайындау орталығы істейді. - Yvision.kz