Перейти к содержимому
almatinskaya.nurotan.kz

Алмат. областной филиал

@almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

493

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

24

"Nur Otan" партиясының белсенділері облыстық ауруханаға 10 оттегі концентраттарын табыс етті.

Өз кезегінде мәслихат хатшысы, филиалдың Саяси кеңес Бюро мүшесі Ахажан Темірболат халық қалаулыларына ризашылығын білдіріп, осындай бауырмашылық пен ынтымақтастығымыз жарасқанда ғана қиын белестерді тез өтетінімізді айтты.

2
1
137

Ауданның құрметті азаматы 4 оттегі концентратор аппаратарын тарту етті.

Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, құрметті азаматы Онжанов Нұрлан Баймолдаұлының қолдауымен Ескелді аудандық орталық ауруханасына 4 оттегі концентратор аппаратары Жетысу аулының әкімі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы арқылы табыс етілді.

Осындай қиын-қыстау кезде ауылдастарының қамын ойлап, ерекше қолдау көрсеткені үшін жомарт жанды азаматымыз Нұрлан Баймолдаұлына алғысымыз шексіз!

2
1
209

Достар! «Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдарламасының жобасын ұсынамыз.

Негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау болып табылады. ⠀ «Жастар Отанға» бағдарламасы негізгі 5 бағытты қамтиды: ⠀ 📷 Азаматтық белсенділік; 📷Сапалы білім; 📷 Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту; 📷 Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана; 📷Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу. ⠀ Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін жол картасы қабылданады. ⠀ 📷»Жастар-Отанға!» жастар дамуының басты координаты болады. ⠀ Сондықтан бізге әр жас қазақстандықтың пікірі маңызды! ⠀ 📷Бағдарламаның толық нұсқасымен сілтеме бойынша таныссаңыздар болады: http://jasotan.kz/themes/jasotan/assets/docs/JOkz.pdfҰсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді күтеміз! ⠀ 📷Gmail: [email protected] 📷Instagram: @jas_otan 📷Facebook: JasOtanJQ ———————————- ⠀ Доро…

2
1
384

Құрметті құрылысшылар!Қадірлі сала ардагерлері!(құттықтау)

Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен облысымызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Қаланың, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

2
1
314

Партия активі өтті

Күн тәртібінде нұротандықтар аумақтық ұйымдастыру комитеттері, аудандық есеп комиссиялары, партиялық бақылау комиссияларының мүшелерінің праймериз  кезінде атқаратын нақты жұмыстарына, партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмін жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары мен пікірсайыстарды өткізу бойынша шараларға тоқталады. Аудан-қалалық партия филиалдары тарапынан түрлі сұрақтар түсіп, облыстық партия филиалы басшылығы тарапынан тиісті жауаптары берілді.

2
1
241

Абай өлеңдерінің онлайн кеші

Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақындар хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын да айтып өтеді. Онлайн концертті 10 тамыз сағ.10:00-де «Фейсбук» әлеуметтік желісінде

https://www.facebook.com/NurOtanZhetisu

, «Инстаграм» әлеуметтік желісінде https://www.instagram.com/nurotanalmobl/ сілтемесі арқылы тамашалай аласыздар!

2
1
279

Қадірлі ағайын! Бүгін, дана ойшыл,ақын Абайдың туған күні.

Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді деп қазақ даналығы айтпақшы, Абайдың қазақ философиясына, әдеби қорына мол еңбектерін қалдыра отырып, тек біздің елде ғана емес, әлем елдері шығармаларына үлкен бағасын беріп отыр. Дана ойшылдың қара сөздері адам баласының өмір жолына бағыт беретін бағдаршам іспеттес. Баршаларыңызды еліміз үшін маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ғұламаның жолы әрбір азаматқа үлгі болғай! Отбасыларыңызға амандық, елімізге бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

2
1
255

Ахуал кезінде маңызды көмек

Депутаттық фракция мүшелері А. Сләмов, Е. Абдрахманов, С.Жабжанов, Қ.Қатыкбаев, С.Қарабеков, , В. Игнатченко, Е. Жуанышбаев, Ө. Қойшыманов аудандық орталық ауруханаға 2 тыныс алу аппаратын, 5 обаға қарсы костюм комплектісімен, 2 кондиционер, 1 ноутбук, 1 компьютер, 5 тонометр, 50 дана пульсокиметр мен глюкометрлер табыс етті.

2
1
187

Абай өлеңдерінің онлайн кеші

Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақындар хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын да айтып өтті. Онлайн концертті әлеуметтік желі оқырмандары «Фейсбук», «Инстаграм» желілерінен тікелей эфир арқылы тамашалап көріп, эфир қатысушылары аталған шара өте игі бастама және жас ұрпаққа Абай шығармашылығы үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

Жалпы, Алматы облысында хәкім Абайдың туған күніне орай, нұротандықтар бастамасымен жыл басынан түрлі бастамадағы шаралар өтті. Мысалға, облыстың барлық аудан-қалаларымен «ОРТАҚ АБАЙ» атты облыста тұратын этнос жастар өкілдері арасында көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталған.

2
1
232