Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті құрылысшылар!Қадірлі сала ардагерлері!(құттықтау)

Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен облысымызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Қаланың, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

2
1
314

Осы тақырып бойынша