Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 791

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Луиза Мэй Олкот «Кішкентай ханымдар»

«Кішкентай ханымдар» — америкалық жазушы Луиза Мэй Олкоттың романы.

Роман Марч атты отбасының төрт апалы-сіңілі — Маргарет, Джо, Бет және Эммидің өмірін суреттейді. Бұл шығарманы автордың балалық шағының естеліктері. Олкоттың да үш әпкесі болған. Бұл жазушыны «Жақсы әйелдер» атты жалғасын жазуға итермеледі. Романның екі бөлімі біріктіріліп 1880 жылы алғаш рет жарық көрді. Кішкентай ханымдардан кейін Олкотт осы кітаптың кейіпкерлерінің өмірі туралы жалғасын жазды: “Кішкентай мырзалар” және Джо ұлдары. «Кішкентай ханымдар» кітабының сюжет желісі бойынша бірнеше пьеса, фильм, мультфильм және опера негізінде телехикаялар түсірілді.

Бүкіл отбасына арналған кітаптар.

-1
0
1362

Серік Нұғыман «Асыл қиқым»

Қаламгер Серік Нұғыманныңәңгімелері үнемі ізденісте жүретін оқырмандарға арналған деп айтуға болады. "Өмірдің мәні не?", "Мен кіммін?", "Неге бұлай?..." деген сұрақтарға жауап іздеуге түрткі болатын шығармалар.

0
0
951

Ертегілер, мифтер, ғажайыптар…

Ертегілер, мифтер, ғажайыптар… Неліктен Жаңа жыл түнінен кейін сиқырды ұзартпасқа? Бізге балалар мен ересектерге арналған ондаған жаңа, керемет кітаптар үнемі келіп тұрады. Және бұл өте жақсы!

Сказки, мифы, чудеса... Почему бы не продлить волшебство после Новогодней ночи? К нам регулярно поступают десятки новых, замечательных книг для детей и взрослых. И это просто здорово!

0
0
775

Балалар өлеңдерінің тамшылары

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022ж.

#Жас_қаламгерлердің_өлеңдері

#Заманауи_балалар_жазушылары

#Балаларға_арналған_өлеңдер

#Балалар_арналған_тақпақтар

#Өлеңдер_күнтізбесі

#Балаларға_арналған_өлеңдер_күнтізбесі

#Балалар_күнтізбесі

#2023_жылға_арналған_күнтізбе

#Балаларға_арналған

#Күнтізбе

0
0
673

Мұхтарбекқызы Гүлдана «Достар 2: Адина»

Адина TikTok желісінің биші жұлдыздарына еліктеп, би өнерін меңгеруге кіріседі. Телешоуға байқау болатынын естіген Адина аз уақытта тележұлдызға айналуға бел буды. Адина қарсыластары Лаура мен Әнелді қалай жеңбек? Бұл жолы Түнек қандай жоспар құрды?

0
0
838

Мерейгер Қазақстан жазушылары

2023 жылдың 1 қаңтар күні Қазақстан Республикасының балалар жазушысы, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 85 жыл. Болашақ жазушы кішкентай кезінен бастап сурет салуға әуес болып, мектеп кештерін безендіруге атсалысып, сыныптың қабырға газеттерін жасаған. Республикалық «Балдырған» журналында редакцияда қызмет еткен. Бүлдіршіндерге арнап жазған проза, поэзия кітаптары жарық көрген.

0
0
1197

Астрид Линдгрен «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге»

“Ұзыншұлық Пиппидің Виллекулла вилласында тұрып жатқанына бір жыл болды. Күнде достары Томми және Анникамен бірге ойнайды, тәтті вафли пісіріп, әкесімен теңіз саяхаттарында көрген қызықтарын әңгімелеп береді. Ал демалыс күндері барлық балаға мұз кәмпит әперіп, ойын-сауыққа кенеледі. Алайда әлемдегі ең көңілді, мейірімді қыз Ұзыншұлық Пиппиге бір күні арнайы қонақ келіп, бәрі өзгеріп сала береді.” - деп, Астрид Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге» кітаптің аннотациясында жазылған. Бұл шығарманы қазақ тіліне Мира Сембайқызы аударған.

Ал авторға келсек, Астрид Линдгрен швед жазушысы 1907-2002 жылы өмір сүрген. Бұл шығарма алғашқы шығармаларының бірі. Ханс Кристиан Андерсен медалініңиегері. Жазушының кітаптарыбойынша кинофильмдер қойылған.

0
2
1143

«Сәлеметсіз бе, Зимушка-Зима»

«Сәлеметсіз бе Зимушка-Зима» осы атаумен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара өтті. Балалар қысқы жұмбақтарды қуана шешіп, қар адамдарын мүсіндеп, пингвиндер сияқты жүруді үйренді. Біздің іс-шара шеберлік сыныбымен аяқталды.

Зимушка-Зима

«Здравствуй, Зимушка-Зима» под таким названием прошло мероприятие для воспитанников Центра адаптации несовершеннолетних . Ребята с удовольствием разгадывали зимние загадки, лепили снеговиков и учились ходить как пингвины. Закончилось наше мероприятие мастер-классом.

0
0
480