Астрид Линдгрен «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге»
“Ұзыншұлық Пиппидің Виллекулла вилласында тұрып жатқанына бір жыл болды. Күнде достары Томми және Анникамен бірге ойнайды, тәтті вафли пісіріп, әкесімен теңіз саяхаттарында көрген қызықтарын әңгімелеп береді. Ал демалыс күндері барлық балаға мұз кәмпит әперіп, ойын-сауыққа кенеледі. Алайда әлемдегі ең көңілді, мейірімді қыз Ұзыншұлық Пиппиге бір күні арнайы қонақ келіп, бәрі өзгеріп сала береді.” - деп, Астрид Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге» кітаптің аннотациясында жазылған. Бұл шығарманы қазақ тіліне Мира Сембайқызы аударған.
Ал авторға келсек, Астрид Линдгрен швед жазушысы 1907-2002 жылы өмір сүрген. Бұл шығарма алғашқы шығармаларының бірі. Ханс Кристиан Андерсен медалініңиегері. Жазушының кітаптарыбойынша кинофильмдер қойылған.
