Мазмұнға өту
aqparatqogam

МИОР РК

@aqparatqogam

Сайтта 2020 ж. 23 шілде

МИОР РК | ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі https://t.me/aqparatqogam

рейтинг

101

жазбалар

163

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Алматыда заманауи өнер музейі – Almaty Museum of Arts ашылды

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Алматыда кәсіпкер, әрі меценат, коллекционер Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейі ашылды. Almaty Museum of Arts-тың миссиясы – заманауи өнер үдерістерін қолдау және зерттеу, олардың әлемдік мәдениеттегі маңызын ашу. Музей қорына Қазақстаннан және басқа да елдерден жиналған 700 өнер туындысы енді. Музейдің көркемдік стратегиясы мен бағдарламалық мазмұнын көркемдік жетекші Меруерт Қалиева әзірлейді. Музейде екі жоба ашылды. Оның бірі – «Қонақтар» атты музейдің өз коллекциясы қойылған көрме және қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» атты ретроспективалық экспозициясы. Музейдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, музейдің негізін қа…

0
0
111

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау: Жастарға мүмкіндіктер ашылды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау жалғасады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады. 2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау [email protected] поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk). Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-…

0
0
170

Спорт, мәдениет және өнер: жаңа заманның мүмкіндіктері

Келесі мәселе. Бұл – жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы. Осы салаға бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек. Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер болып жатыр. Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюд…

Қазақстанның болашағы: Жастар, патриотизм және заманауи даму

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін. Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатын…

0
0
111

«Таза Қазақстан»: Экологиялық болашаққа қамқорлық

«Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық. Мұны ел ішінде жаппай қолдау тапқан жасампаз құндылықтардың жарқын көрінісі, халқымыздың игі істерге деген ұмтылысы деп түсінген жөн. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіремін. Тазалық мәдениетін қ…

0
0
153

Жалған ақпарат таратуға тыйым салынады: Министрдің БАҚ-қа ескертуі

Құрметті әріптестер! Кейбiр ересi БАҚ пен анонимдi телеграм-арналарда мемлекеттiк ызметшiлердiң ұсталуына атысты расталмаған аппарат таралуда. Аппарат таратанда оның шынайылыын тексеру мiндеттi. Кiнәсiздiк презумпциясы абидасы және журналистiк этика бар екенiн естен шыармау ажет. Кбiне расталмаан «хайп уан» дректерге еремiн деп, журналистер мұндай мәлiмет азаматтарға және олардың жаын туыстарына зиян тигiзуi, ар-намысы мен адiр-асиетiне нұсан келтiруi, жала болып шыуы мүмкiн екенiн есте ұстауы тиiс. Әрiптестердi кәсiби БАҚ пен журналистер саталуа тиiс мiндеттемелердi орындауа шаырамын. Сондай-а, жалан аппарат таратаны үшiнәкiмшiлiкәрi лмыстық жауаперiшiлiк арастырылғанын еске саламын. ҚР Мәдениет және аппарат министрi Аида Балаева Уважаемые коллеги! Некоторыми официальными СМИ и анонимным…

0
0
122

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы: Үздік еріктілерді марапаттау мүмкіндігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды. Бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған. Сыйлық шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерді анықтап, оларды марапаттау мақсатында тағайындалды. Аталмыш сыйлық 15 номинация бойынша табысталады: Үздік волонтерлік ұйым Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы Үздік әлеуметтік көмекші Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқ…

0
0
114

Қазақ опера театрының Қазанда тарихи сахналама премьерасы

2025 жылы 26 тамызда Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік сапары жемісті болды. Театр көрермен назарына Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынды. Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, (РФ) Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен өтті. Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды. Министр Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің сан қырлы ы…

Жастар форумы: Қазақстанның болашағы жарқын!

Халықаралық жастар күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – мән-мағынасы ерекше мереке. Бүгін осында нағыз отаншыл, дарынды және жанашыр жастар жиналды. Түрлі кәсіпті меңгерген азаматтар бас қосып отыр. Халқымыз қашанда талапты жастарды қолдаған. «Ақыл – жастан» деп, оларға зор сенім артқан. Сіздер барлық салада белсенді түрде еңбек етіп жатсыздар. Волонтер ретінде мұқтаж жандарға көмек беріп жүрсіздер. Маңызды бастамаларға, экологиялық іс-шараларға атсалысып, қолдау көрсетіп келесіздер. Спорт, білім сайыстарында топ жарып, елдің абыройын көтеріп жүрсіздер. Осылайша, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құруға нақты үлес қосып жатсыздар. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін! Жастар форумы Павлодар қаласында өтіп жатыр. Бұл аймақ – ұлт руханиятын байытуға өлшеусіз еңбек сіңірген көрн…

0
0
107

Қазақстан жастары: Болашаққа бағдар, мүмкіндіктер мен даму жолында

Сіздер дүние әп-сәтте мың құбылатын заманда өмір сүріп жатсыздар. Жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – Сіздер. Отанымыздың тағдыры белгілі бір дәрежеде жас буынның күш-қуатына, ой-пікіріне, білім-білігіне, табандылығы мен патриоттық қасиеттеріне байланысты. Мемлекет өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасайды. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылуда. Бұл игіліктерді 600 мыңнан аса жас көріп отыр. Сондай-ақ олар арнаулы квота арқылы Мәжіліс пен мәслихат…

0
0
218