Мазмұнға өту
aqparatqogam

МИОР РК

@aqparatqogam

Сайтта 2020 ж. 23 шілде

МИОР РК | ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі https://t.me/aqparatqogam

рейтинг

101

жазбалар

163

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі жоғары өңірлерде жыл бойы Ұлттық комиссия мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қауымдастығы мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинарлар өткізу жоспарлануда. Уәкілетті мемлекеттік органдарға жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын қайта қарап, жасөспірімдерге арналған қызметті жаңарту, халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау ұсынылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өңірлік деңгейде ведомствоаралық өзара байланысты күшейтудің маңызын атап өтті. Отбасыны қолдау орталық жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Ұлттық комиссия мүшелері мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі жұм…

0
0
179

«Jas Keñes Siyligi»: Жас мамандарды қолдаудың жаңа мүмкіндігі

Бүгін Астанада жыл сайынғы «Jas Keñes Siyligi» жастар сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Байқау жас мамандарды қолдауға бағытталған. «Jas Kenes Sıylıgı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустрия және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді. Байқауға Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспағанда) азаматтары қатыса алады. Өтінім мына номинациялар бойынша қабылда…

0
0
118

Жібек жолы: Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени көпір

2025 жылдың 16 маусымында ҚР Ұлттық музейінде «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели бастаған Қытай делегациясы қатысты. Бұл көрме Қазақстандағы Қытай туризмі жылының басталуына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Экспозиция Қытайда жібек өнерінің пайда болуы мен дамуы туралы баяндайды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы арқылы жүзеге асқан Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыс та көрсетілген. Көрме жібек өнерінің бай мұрасын заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және туристік ынтымақтастықты нығайту, Ұлы Жібек…

0
0
178

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-да халықаралық көрмемен аталып өтті

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Халық қаһарманы, дирижер, аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиға. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар қатарына енгізілді. Аталмыш көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында композитордың өз қолымен жазған партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары, сондай-ақ Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбыра» да бар. Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық б…

0
0
173

Қазақстанда Әкелер күні: Отбасы институтын нығайтудың жаңа бастамалары

2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда ресми түрде Әкелер күні атап өтіледі. Әкелер – күнделікті өмірдің шынайы қаһармандары. Олар – балалары мен отбасысы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі.Әке – тек асыраушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек. Қазақ халқы әкені әрдайым отбасының тірегі, кеңесшісіәрі қамқор тәрбиеші ретінде бағалаған. Бұл жөнінде МұхтарӘуезов: «Әке – асқар тау» деп тамаша айтып кеткен. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин де бала тәрбиесіндегіәкенің рөлін ерекше атап көрсеткен: «Балалардың тәрбиесіне бірінші кезекте олардың ата-аналары, әсіресе –әкелері жауапты». Әкелердің қолдауы мен қамқорлығы –әрбір баланың және тұтас қоғамның болашағы үшін берік негіз қалыптастыра…

0
0
167

Astana Ballet театры Benois de la Danse сыйлығында үздік номинанттар атанды

2025 жылдың 17 маусымында Ресейдегі Үлкен театрда Benois de la Danse 2025 беделді балет сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Номинанттар қатарында бірден екі «Астана Балет» театрының әртісі бар. Атап айтсақ, театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри және жетекші солист Сүндет Сұлтанов. Биыл Benois de la Danse сыйлығының номинанттарын халықаралық қазылар алқасы анықтады. Биыл оның құрамына Франция, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей және Қазақстанның көрнекті балет шеберлері енді. Қазылар алқасының төрағасы әрі бағдарламаның көркемдік жетекшісі — Үлкен театрдың прима-балеринасы,Ресейдің халық әртісі Светлана Захарова. Қазақстандық әртістер Мукарам Авахри қойған «Киелі би» балетінің үзіндісі – «Qash» деп аталатын сахнасын орындайды. Заманауи пласти…

0
0
164

2025 жылғы Экологиялық марафон: Қазақстанды тазартамыз!

Биыл маусымда 2025 жылғы маусым айында Республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды республикалық экологиялық акциялар басталды. Іс-шаралардың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға шақыру, табиғатты сақтау. 2025 жылы үш маңызды экологиялық бастама жүзеге асады. Соның бірі – «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен үш кезең бойынша өтеді. 5-15 маусым күндері туристік және тарихи-мәдени нысандарды мониторингтеу, 16-25 маусымда көгалдандыру, суару және бейберекет қоқыс орындарына қоғамдық бақылау, 26 маусым-5 шілде аралығында жер қойнауын пайдалану саласын бақылау шаралары жо…

0
0
152

2025 жылдан бастап: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант жүйесінің жаңа ережелері

2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды әзірлеу, беру, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау бойынша жаңартылған Ережелер күшіне енеді. Бұл — азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік қолдау жүйесін барынша ашық, нәтижелі әрі ыңғайлы етуге бағытталған гранттық жүйені реформалаудың соңғы кезеңі. Реформа аясында нормативтік-құқықтық база да, негізгі операциялық рәсімдер де жаңартылып, әлеуметтік әсерге бағдарланған және қаржыландыру үлгісіне көшу жүзеге асты. Жаңартылған Ережелер тұрақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуге, рәсімдердің ашықтығына және мүдделі тараптардың белсенді қатысуына басымдық береді. Негізгі жаңалықтар: – Екі кезеңді іріктеу механизмі: Енді жобалар алдымен тәуелсіз сараптамалық бағалаудан ө…

0
0
208

Мемлекеттік рәміздер күні: Бірлік пен мақтаныш символдары

Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл ерекше мереке — Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттігіміздің басты нышандарының маңызын еске салатын күн. Біздің тарихымыз бен мол мәдени мұрамызды, халықтың жүрегіндегі ортақ сенім мен бірліктің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бүкіл халықты біріктіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Осы мерекеге орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы арнайы бейнеролик дайындады. Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, ағаш үрмелі аспаптар квинтетi мен классикалық гитарашылар квинтетi, сондай-ақ филармо…

0
0
157

Мемлекеттік рәміздер: Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігін, тарихы мен мәдениетін айқындайды.

Бұл мереке – рәміздерімізді құрметтеп, мақтан тұтып, олардың мәні мен маңызын жете түсінуге үндейді.

Атаулы күні елімізге бейбітшілік, ынтымақ және жарқын болашақ тілейміз!

Государственные символы – Флаг, Герб и Гимн – являются олицетворением независимости, истории и культуры нашей страны.

Этот праздник призван укрепить дух единства, любви к Родине и патриотизма. Ведь каждый гражданин страны с уважением относится к государственным символам, гордится ими и хранит их значение в своем сердце.

В этот знаменательный день желаем всем мира, согласия и светлого будущего!

0
0
114