Мұратсай ауылында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
"Nur Otan" партиясы атынан аудандық маслихат депутаттығына үміткер Джумагулова Бибигуль Мұхаққызы Канвассингтік кездесу бойынша "Nur Otan" партиясының сенімді өкілдерімен үгіт насихат жүргізу мақсатында Мұратсай ауылының ел ағалары - аналарымен кездесу өткізді. Ауылдың бір қатар мәселелерімен танысып, ауданымызға сыйлы, көпті көрген ауыл ақсақалы Каспий ағамыз пікір-кеңестерімен бөлісті. Қазіргі еліміздегі жағдайларға тоқтала келіп, сайлауға қатынасатындарын, бірауыздан NurOtan партиясына дауыс беруге және ауыл тұрғындарын бірлікке "Біз біргеміз" ұранымен бірігуге шақыратындарын, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау мақсатында жұмыстанатындарын да жеткізді.