Аманаттықтар 70 млн теңгенің құрылыс материалдарын су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жеткізеді
📷Аманаттықтар 70 млн теңгенің құрылыс материалдарын су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жеткізеді📷«AMANAT» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі жұмысы жалғасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Партия зардап шеккен аудандарға 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр.📷Ақтөбе облысының Қобда ауданында 101 үй, Батыс Қазақстан облысында 80-ге жуық үй тасқыннан зардап шекті. Су басқан елді мекендердің тұрғындарымен кездесуде «AMANAT» партиясының мүшелері бөлінген көмектің адамдарға жеткен-жетпегенін нақтылап, үйлерді қалпына келтіру үшін тағы қандай көмек қажет екенін анықтады.📷Мәжіліс депута…