Перейти к содержимому
bokeyorda.nurotan.kz

Бокейординский филиал

@bokeyorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Бокейординского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

888

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылу

1

Бөкей ордасы аудандық кәсіпкерлер палатасында аудан тұрғындарымен кездесу өтті

Бөкей ордасы аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Джумагулова Бибигуль Мұқасқызы аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша шаралар, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды. Шағын бизнеске мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдетілген несиелеу бойынша, оны тиімді пайдалану жолдары да айтылып, “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы шеңберінде кеңінен түсінік берілді.

0
0
140

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өтті.

“Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев, партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында жеке тұлғалардан түскен арыз -шағымдар бойынша мәселелер қаралып, атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Хан Ордасы ауылында аудандық мәслихат депутаты Түсіпқалиева Аякөз Сатқанғалиқызы қабылдау өткізді

Бүгін Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылында аудандық мәслихат депутаты Түсіпқалиева Аякөз Сатқанғалиқызы ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында сұрақтар қойылып, толық түсінік берілді.

0
0
125

Партиялық билет табыс етілді.

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің қатысуымен, партия қатарына қабылданған азаматшалардың партиялық билетін табыстау рәсімі өткізілді. Шара аясында аудандық мәслихат депутаты Арстанбеков Тлеген Керейұлы қатысып, партияның мақсатын, міндетін,осы кезге дейінгі атқарылып жатырған жұмыстары туралы айтып, партия қатарына кірген партияластарына сәттілік тіледі.

0
0
168

Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде онлайн кездесу өтті.

“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Арстанбеков Тлеген Керейұлы Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының директоры Жумагулова Бибигуль Мұқасқызымен онлайн режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданымыздағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бір қатар мәселелер қаралып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы талқыланды.

0
0
145

Бөкей ордасы колледжі қызметкерлері “Қызықты көңіл, студенттік өмір” атты кеш ұйымдастырды.

Бөкей ордасы ауданы колледжі қызметкерлері студенттер күніне орай “Қызықты көңіл, студенттік өмір” атты кеш ұйымдастырды. Шара барысында құттықтау тілектер айтылып, студенттер өз өнерлерін көрсетіп, әртүрлі ойындар оздырылды.

0
0
106

Бөкей ордасы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында жеке тұлғалардан түскен арыз -шағымдары бойынша мәселелер талқыланды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Ауыл шаруашылығы саласында ауданда көптеген жеке қожалықтар ашылып, бүгінде олардың барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, Бөкей ордасы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ауыл шаруашылықты дамытуға қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін!.

0
0
107

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Сәуле ғұмыр» атты мерекелік концерт өтті.

Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Nur Otan" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Сәуле ғұмыр» атты мерекелік концерт өткізілді. Шара барысы онлайн режимінде өткізіліп, әншілеріміз халық әнін шырқаса, күйшілеріміз күй шертіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

0
0
115