Перейти к содержимому
bokeyorda.nurotan.kz

Бокейординский филиал

@bokeyorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Бокейординского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

888

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылу

1

Осы жиынға "AMANAT" партиясының БҚО Бөкей ордасы ауданынының филиалының депутаты ретінде қатысты.

8 сәуірі күні ауылдық мәдениет үйінде Ұялы ауылының әкімі Е.Ермекқалив ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Осы жиынға "AMANAT" партиясының БҚО Бөкей ордасы ауданынының филиалының депутаты ретінде қатысты. Жиында

Жеке сектордың мал бағылымы, ауылдың тазалығы, грант алу, салық төлеу, алғашқы жұмыс орны жобасы, қысқа мерзімді оқулар, жастар практикасы туралы мәселелер қаралды. Ауыл тұрғындары осы мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

#AMANAT #БҚОБөкейордасыауданымаслихаты

0
0
195

«2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ»

Бүгін мектебімізде «2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ» атты Мұратсай ауылдық округі әкімі, «Аманат» партиясы Мұратсай бастауыш ұйымының төрағасы Гильманов Мейрамбек Мүдірісұлымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің мақсаты оқушыларға болашаққа бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу болды. Шараға 5-10 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Сынып жетекшісі болған Қымбат Мусақызы Мейрамбек Мүдірісұлының оқушы кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларын баяндап берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды.

Кеш соңында мектеп директоры А.Нуралиев М.Гильмановқа рахмет айтып, мектеп ұжымы атынан алғыс хатын табыстады

0
0
247

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Ұялы» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«Ұялы» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрайымы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі М.Мұхамжарова ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді.Кездесуде партия ардагерлері мен белсенді партия мүшелері қатысты.

0
0
241

Партиялықтар халықпен бірге.

Партиялықтар халықпен біргеБатыс Қазақстан облысында күннің күрт жылуынан еріген қар суының салдарынан 170-ке жуық үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басты. 168 бас ірі қара мен ұсақ мал қырылды. Облыстың алты ауданында су басу қаупі әлі сақталуда."Су басқан үйлерден 750 адам эвакуацияланды, оның ішінде 215-і бала. Адамдар барлық қажетті азық-түліктермен және бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілді. Су тасқынына қарсы іс - шараларға барлығы 770-тен астам адам мен 99 бірлік техника жұмылдырылды", - деді БҚО ТЖ өкілдері.Облыс орталығында 6 мыңнан астам адам тұратын Деркөл, Шаған және Орал өзендерінің жайылмаларында орналасқан саяжай серіктестіктері су басу қаупінде тұр.Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге облыс резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінген. Зардап шеккендерге материалд…

0
0
193

"Апат айтып келмейді "

Достар! "Апат айтып келмейді " деген. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі, Жәнібек аудандарында төтенше жағдай орын алып отырғаны баршаңызға белгілі. Осы ретте, "AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы аумақтық филиалдармен бірлесіп жергілікті жерлерде су басқан елді-мекен тұрғындарына көмек беруді бастап кетті.Барлық партияластарымызды, азаматтарды көмек қолын созуға шақырамыз.Қазірдің өзінде облыстық мәслихат депутаты, әріптесіміз Мұрат Орынбайұлы Жәкібаевтан зардап шеккен отбасылар үшін эвакуациялық жинақтау пункттеріне 4 тонна ұн мен 400 литр сұйық май жөнелтілді. Басқа да әріптестерімізден қаржылай көмектер келіп түсуде. Баршаңызды жерлестерімізге көмек қолын созуға шақырамыз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші" көмектесейік!Бірінші қажетті заттарды жина…

0
0
227

«Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Орда» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«Орда» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы ауылдық округ әкімі М.И. Сисенов ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді. Кездесуде партия ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

0
0
209

«ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» республикалық акциясы өткізілді.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының ғимаратында «ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияны өткізудің мақсаты - тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарлату, азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтық кеңесін шектеусіз ұсыну және туындаған мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету.

Акцияға қатысушылар заңды тұлғаларды тіркеу, зияткерлік меншікті қорғау, азаматтармен тегін заң көмегін алу мәселелері талқыланды. Қабылдауға келген тұрғындарға кең көлемде құқықтық кеңес беріліп, қойған сұрақтарына заң аясында толықтай жауап берілді.

0
0
168

«Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Мұратсай» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.

«Мұратсай» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Гильманов ашып, жүргізіп отырды. Жиналыста партия мүшесі, "Ақсақалдар алқасының" төрағасы И.Дәулетов жолдаудың маңызы туралы, партия атауының өзгертілуі туралы өз ойын ортаға салды.

0
0
204

«Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Т.Масин», «Саралжын» бастауыш партия ұйымдарында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.«Т.Масин» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Қитанов ашып, жүргізіп отырды. Жиналыста Бөкей ордасы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі А.Бейсова сөз алып, ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында көрсетілген бастамалардың іске асуына әрбір партия мүшесін атсалысуға шақырды.«Саралжын» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Керешов жүргізіп, партия мүшелеріне Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндірі…

0
0
164

Тыл еңбеккерлерін Наурызбен құттықтады.

"AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық!", "Бақытты отбасы " партиялық жобалары аясында Наурыз мейрамы қарсаңында "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев пен "Сайқын" бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.Омарова Сайқын ауылының тұрғындары Мақсотов Егінғали, Аженова Бақыт, Қалиева Мағрипа есімді тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болып, қазақы жаңа жылмен құттықтап, хал-жағдайларын біліп, ақ баталарын алдық.

#amanat

0
0
196