Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А. Агаев, А. Мукангалиева, Р.Азаматов, И. Карабаев, И. Сатимов "Северный" БПҰ мүшелерімен кездесті.Олар осыған дейінгі партия жетістігін, ел мүддесі үшін жасалған жұмыстарды тізбектей келе, өздерінің де ел алдында жасаған және алдағы уақытта іске асырмақ жоспарларымен бөлісті. А.Агаев партияның алдағы жоспарларына кеңірек тоқталып,сапалы жол және құрылыс мәселелерін басты назарға ұстайтындығын айтса,Исатай Карабаев сайлаудың маңыздылығы жөнінде тоқталып, осы кезге дейін партияның ел мүддесі үшін жасалған игі істеріне, ел дамуындағы үлесі жөнінде мысалдар келтіре отырып тоқталды. Сондай-ақ спорт денсаулық кепілі. Қай-қайсымыз да бейбіт елде бақытты ғұмыр кешуіміз үшін, алдымен мықты денсаулықтың болу керектігін, өмірге әкелген әр ұрпағымыздың да дені…