Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер кездесу өткізді

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А. Агаев, А. Мукангалиева, Р.Азаматов, И. Карабаев, И. Сатимов "Северный" БПҰ мүшелерімен кездесті.

Олар осыған дейінгі партия жетістігін, ел мүддесі үшін жасалған жұмыстарды тізбектей келе, өздерінің де ел алдында жасаған және алдағы уақытта іске асырмақ жоспарларымен бөлісті. А.Агаев партияның алдағы жоспарларына кеңірек тоқталып,

сапалы жол және құрылыс мәселелерін басты назарға ұстайтындығын айтса,Исатай Карабаев сайлаудың маңыздылығы жөнінде тоқталып, осы кезге дейін партияның ел мүддесі үшін жасалған игі істеріне, ел дамуындағы үлесі жөнінде мысалдар келтіре отырып тоқталды. Сондай-ақ спорт денсаулық кепілі. Қай-қайсымыз да бейбіт елде бақытты ғұмыр кешуіміз үшін, алдымен мықты денсаулықтың болу керектігін, өмірге әкелген әр ұрпағымыздың да денінің сау болуын басты назарға ұстайық. Сол мақсатта мен үміткер ретінде депутаттар қатарындамын. Алдағы уақытта өз саламды халыққа одан әрі пайдалы болу үшін қызмет ете беремін десе, Руслан Азаматов өзін таныстыра келе, сонау тарихтан үш жүздің басын қосқан Абылайханнан бергі қазақ даласындағы оң өзгерісті айта келіп, әр жылдың өзіндік қалдыратын тарихи сәтінің болатынын, алдағы болатын осы сайлаудың да алар орынының зор екендігіне тоқталды. «Осы кезге дейін оң өзгерістер әкелген партия құрамына үміткер болғандығым мен үшін үлкен жауапты іс. Бүгінгі таңда жастармен тікелей жұмыстанып жүргендіктен, келешекте де елдің болашағы жастар үшін еш аянып қалмаймын. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін, бизнес ашу т.б бағыттар бойынша жастармен бірлесе отырып жұмыстанатын боламын» деді үміткер Руслан Нұрболатұлы. Айнұр Мукангалиева да өз сөзінде елдің қарқынды дамыған тұстарынайта келіп, дені сау ұрпақтың еркін білім алуына үлес қосуына баса күш салатынын айтты. Исатай Сатимов болса партияның жетістіктеріне тізбелеп, «Бүгінде өркениетті елдермен иық тіресе жүре алуымызға бірден-бір үлес қосушы осы Нұротан партиясы екенін айта кеткен жөн. Экономикамыз дамып, балаларымыз қалаған бағытта білім алып, бейбіт өмірде ғұмыр кешудеміз. Осының басы-қасында Нұротан партиясы жүрді. Сондықтан да баршамыз ел үшін дауыс берейік деп сөзін түйіндеді.

1
0
241

Осы тақырып бойынша