Перейти к содержимому
eskeldi.nurotan.kz

Ескельдинский филиал

@eskeldi.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 27 шілдеКазахстан, Ескелды

Официальный филиал партии "Nur Otan" Ескельдинского района Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

13

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылымдар

8

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай - рухани реформатор" атты мақаласы

10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы.Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты со­ның көпшілігін онлайн форматқа ауыс­тырдық. Әрине сан сынақтан сү­рін­беген халқымыз бұл дертті де жеңе­ді. Қиындық өтпелі, ал Абай мұрасы мәң­гілік.Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп бел­гілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткі­зіліп тұратын болады. Мәсел…

0
0
334

Алғашқы рет Праймеризді онлайн режимінде ұйымдастыру және өткізу!

Осы тақырыпта «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы тарапынан "Jas Otan" жастарымен Skype арқылы селекторлық отырыс өткізілді.

Отырыс барысында аудандық филиалының сектор меңгерушісі С.Копбаева ағымдағы жылы партияның Праймеризі алғашқы рет онлайн форматта өткізілуі айқындалғанын және осы тұрғыда процестерді автоматтандыру мобильді қосымша мен веб-порталды қамтитын «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Онлайн отырыс қызу өтті. Себебі, қатысушылар Праймериздің өткізілу барысы туралы сауалдар қойып, толыққанды мағлұмат алды.

Қорытындысында, аудандық филиалы тарапынан барлық тиісті ақпарат қосымша жолданады – деп хабарлады, сектор меңгерушісі С.Копбаева.

0
0
210

Қазақстанда 10 тамыз күні - Ұлы Абай күні болып белгіленді!

Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып белгіленді

Абай Құнанбайұлының туған күні 10 тамыз – елімізде Абай күні болып белгіленді. Үкімет қаулысымен аталмыш күн мерекелік күнтізбеге енген. Биыл Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толады.

#Abai175

________________________________________________

В Казахстане 10 августа - День Абая! Постановлением Правительства этот день вошел в праздничный календарь. В этом году исполняется 175 лет со дня рождения великого поэта.

#Abai175

0
0
218

Ескелді аудандық орталық ауруханасына қосымша 4 оттегі концентраторлар тарту етілді!

Бүгінгі күні ортамызда жомарт жандар артып келе жатқаны бәрімізді қуантуда. Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, құрметті азаматы Онжанов Нұрлан Баймолдаұлының қолдауымен Ескелді аудандық орталық ауруханасына 4 оттегі концентратор аппаратары Жетысу аулының әкімі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы арқылы табыс етілді. Осындай қиын-қыстау кезде ауылдастарының қамын ойлап, ерекше қолдау көрсеткені үшін жомарт жанды азаматымыз Нұрлан Баймолдаұлына алғысым шексіз! Осы жағдайды пайдалана отырып, Нұрлан Баймолдаұлына шын жүректен, денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмысына табыс, отбасына амандық тілеймін!

Идрисов Дәулет Садырұлы, "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты

0
0
283

Дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету және бағасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді!

«Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы тарапынан аудан тұрғындарын тиісті дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету және сатып алу бағасын бақылау мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Қ.Алпысбаев, «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Идрисов, аудандық филиалының консультанты Ж. Болатқызы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің өкілі Э. Көмекова құрамында аудан аумағындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.Мониторинг барысында дәрі-дәрмектердің негізгі 60 түрі бойынша бағалары белгіленген көрсеткіштерден аспағандығы және біраз дәрілердің сатылымда жоқ екендігі анықталды. Қорытындысы бойынша мониторинг тобы тарапынан аудандағы дәріханаларды қамтитын барлық жеке кәсіпкерлерге: дәрілік заттарды, медициналық маскалар мен медициналық термометрлерді,…

1
0
305