Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Елімізде бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. 

undefined

Фото: deva-dent.ru

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.
Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. Тыйымның негізгі себебі болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп тартады. Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.

@qazaqstantv

0
0
413

Қарағандыда үш автобус толы оқушыларды ажалдан арашалап, өзі қаза тапқан полицейді еске алу рәсімі өтті

Оқиға осыдан 16 жыл бұрын болған. 2008 жылдың 20 мамырында 130 бала мінген үш автобус Астанадан Қарағандыға бет алған еді. Олардың қауіпсіздігі жол полициясының инспекторлары Қайрат Жұмабеков пен Дмитрий Пугачқа тапсырылған."Барлығы қас қағым сәтте болды. Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігі алдында келе жатқан жеңіл көлікті басып озып, біз жетегімізге алып келе жатқан автобустарға қарай қарсы бағытқа шықты. Қайрат тез арада шешім қабылдап, жүк көлігі автобусқа соғылмау үшін өзіміз мінген қызметтік автокөлікпен тосқауыл қойды. Одан кейінгісі есімде жоқ. Мен жансақтау бөліміне түсіп, ол жерде төрт күн жаттым. Ол өзінің қызметіне адал беріліп, тапсырманы антына сәйкес соңына дейін орындады. Егер олай жасамағанда автобустағы балалар қаза табатын еді", – деп өткенді есіне алды Дмитрий Пуг…

0
0
189

ҚТЖ станция жолдарын заңсыз жалға беріп отырған

Прокуратура «Қазақстан темір жолдарының» вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа арыз түсірді.Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Бұл салада мемлекеттік ұйымдардан өз активтерін билік ету кезінде заң бұзушылықтар жүйелі түрде анықталып отырады.Соңғы талдау барысында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды.Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станция жолдарын уақытша меншікке берді. Бұл жалға алушыларға бос тұрған вагондардың 4 миллиард теңгеге жуық міндетті төлемдерінен жалтаруға мүмкіндік берген.Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының сотт…

0
0
256

Тағы да аттестат өртеу басталды

undefined

"Бала берсең сана бер..." Ең болмағанда құжаттың сыртындағы мемлекеттік рәмізді құрметтеу керек. Бұлай жасау (өртеу, жырту) кейбір мемлекеттерде қылмыс саналады", - деп жазылған Instagram-дағы dauletten парақшасында.

0
0
381

Елімізде шамамен 289 млрд теңге көлемінде жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер берілді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 255,5 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 33,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейін…

0
0
265

Жеке куәлік пен банк картасындағы жариялауға болмайтын деректер

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн. Сонымен банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Ал жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған дұрыс. Сондай-ақ куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.

@qazaqstantv

0
0
304

Еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық топтардың жолы кесілді

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді.

Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.

Polisia.kz

0
0
358

Су айдындарында патрульдеу шаралары күшейтілмек

Үкімет отырысында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Балаларға қатысты жұмыс күшейтіледі. Басты міндет – жүзу аумағындағы қауіпсіздік және ересектер тарапынан қадағалау.Сонымен қатар суға кеткендердің едәуір бөлігі мас күйінде болғанын атап өткен жөн. Бұл орын алған жағдайдың шамамен 60%-ын құрайды. Су айдындарында демалушылардың ішімдік ішу проблемасына назар аударылды. Мәселен, ішкі істер органдарының бөлімшелеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су жағасындағы демалыс орындарында ішімдік ішуге тыйым салу, әсіресе демалыс және мереке күндері патрульдеуді күшейту тапсырылды. Сондай-ақ су көлігін дұрыс пайдалану мәселелері де талқыланды.«Көлік министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шағын көлемді кемелерді пайдаланылуды бақылау бойынша шаралар қабылдау…

0
0
230

СҚО-да ұсталған күдікті полиция қызметкеріне тап берді (видео)

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады.Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан  діни алауыздықты қоздыру белгілері бар жариялаған материал анықталды. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұрады. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатты, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасады. "Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу ж…

0
0
326

Таразда бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады

"Тараз қаласында жедел құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды" - деп жазған ҚР ТЖМ.

Қыздар демалыста әкесімен бірге суға түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды суға түсі ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырып отыр.

0
0
278