Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстарын айтып, тақырып аясындағы пікірлерін ортаға салды.Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті.Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрулері үшін ұсыныс-пікірлері әркез назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы бағытта. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жыл басынан бері қа…